Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:40, 13 Желтоқсан 2023

Қонаев әскери бөлімшесінде қаза болған сарбаздың анасы тың ақпаратпен бөлісті

сарбаз
Фото: из открытых источников

Қараша айында Қонаевтағы әскери бөлімде әскерге шақырылған 20 жастағы Арсен Ишанов асылып өлген. Марқұм болған сарбаздың анасы Толқын Ғалымова ұлының өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес деп сенбейді. Анасы баласының өз-өзіне қол жұмсауына мәжбүр болғанын айтады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Арсеннің анасы Батыс Қазақстан облысында, Көмекші ауылында тұрады. Сарбаздың әкесі 10 жыл бұрын қайтыс болған. Отбасындағы 4 баланы жалғызбасты ана өзі асырап жеткізген. Арсен 2003 жылы дүниеге келген, ол отбасындағы екінші бала.

Анасының айтуынша, Арсен «Қауіпсіздік техникасы» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Пәндердің бірінен өте алмай, оқуын тастап, әскерге баруды шешті. 

"Арсен әуе-десанттық әскерлерге жазылды. Мен оның балама қиын екенін айттым. Бірақ ол әуе күштерін элиталық әскер деп санап, бармай қоймады. Төртінші сәуірде таңертең мен ұлымды пойызға шығарып салдым. Мамыр айында оның Алматыда әскери ант қабылдауында болдым. Балам өте қатты өзгеріп кеткен, әрекеттері де, көзқарасы да біртүрлі болды. Мен одан не болғанын айтуын өтіндім. Қатты уайымдадым. Ол кетіп бара жатқанда, өзінің ештеңе айта алмайтынын айтып, бұл "еркектердің ісі" екенін айтты",- дейді анасы. 

Анасы баласының әскерде жүргенде ұдайы ақша сұрайтынын айтты. Әрі әртүрлі номерлермен хабарласатынын айтты. 2023 жылдың 7 қарашасында бөлімше командирі әйелге телефон соғып, ұлының өлімі туралы хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, Арсен түскі уақытта жұмыс істеп жүріп, әскери көліктің артындағы шынжырмен асылып өлген.

Анасы ұлының денесінде соққының ізі болмағанын айтады. Сарбаз соңғы рет хабарласқанда телефон арқылы сөйлескенде көңіл-күйі болмай, жүз мың теңге аударуды өтінген. Анасы ұлына психологиялық қысым жасалды деп есептейді.

Анасы барлық тексеру амалдары жүргізіліп, кінәлілердің тиісті жазасын алғанын қалайды.