Конгода Эбола жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырғандар саны 6 041 адамға жетті.
Оның 2 911-і қайтыс болған. Бұл туралы Reuters елдің Байланыс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Індетке қарсы топтар ауру тараған алты провинцияда жұмыс істеп жатыр. Әсіресе Итури, Солтүстік Киву және Жоғарғы Уэле өңірлеріне басымдық берілген.
Associated Press мәліметінше, 1 360-тан астам адам сауығып шыққан. Билік мұны «үміт сыйлайтын көрсеткіш» деп бағалаған.
Қазіргі індет Конго тарихындағы ең ауқымды Эбола эпидемиясына айналды. Ол 2018-2020 жылдары болған ірі індеттен де асып түскен.
Ауру Эбола вирусының Бундибугйо штамынан тараған. Қазір бұл штамға қарсы арнайы мақұлданған вакцина немесе ем жоқ. Дегенмен медицина қызметкерлеріне бұрын Эболаның Zaire түріне қарсы тиімді болған Ervebo вакцинасы салынып жатыр. Бундибугйо штамына қарсы жаңа вакцина әзірлеу үшін клиникалық сынақтар жүргізіліп жатыр.
Індеттің таралуына аймақтағы тұрақсыздық, халықтың көші-қоны, медицина қызметкерлерінің ереуілдері мен қарқынды миграция да әсер етіп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың көрші елдерге таралу қаупі әлі де сақталып отырғанын ескертті.