Саясат

Конституцияға Президенттен басқа тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ - Бақыт Нұрмұханов

Конституцияға Президенттен басқа лауазымды тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты.

Конституцияға Президенттен басқа тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ - Бақыт Нұрмұханов

 Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп қана айқындалады Елбасыға қатысты заңнаманы өзгерту Мәжілістің күнтәртібінде тұрған жоқ. 

 Әділет министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері спикерге Үкімет мүшелерінің, әкімдердің жақын туыстарының лауазымды қызметтерге тағайындалуына қатысты Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша сауал қойған еді. «Конституцияда ең алдымен жоғарғы лауазымды тұлға – Президент туыстарына қатысты шектеу қойылып отыр. Министр, басқа мемлекеттік органдардың басшыларын Конституцияға кіргізудің қажеті жоқ деп санаймын. Өйткені, басқа да конституциялық заңдар пайда болады. Сол кезде азаматтар депутаттарға осындай ұсыныс жасауына болады», — деді Бақыт Нұрмұханов.

Айта кетейік, еліміздің Конституциясына өзгеріс енгізіліп, Президенттің жақын туыстарының жоғары лауазымдарға отыруына тыйым салынады. Заң күшіне енгеннен кейін Президент туыстары лауазымын босатады. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз