Қоғам

Конституциялық сот әкелікті даулау туралы норманы тексереді

Қазақстанда ер адамның әкелігін сот арқылы даулау мүмкіндігіне қатысты мәселені Конституциялық сот қарай бастады.

Әке мен бала

Сотқа түскен өтініш ер адамның баланың биологиялық әкесі емес екенін біле тұра, оны өз еркімен әкесі ретінде тіркеген жағдайға қатысты. Қолданыстағы заңнама бойынша мұндай адам кейін әкелігін даулай алмайды. Бұл талап «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 51-бабында және Жоғарғы соттың түсіндірмесінде көзделген.

Өтініш берушінің пікірінше, аталған нормаларды қолдану отбасы саласындағы конституциялық кепілдіктерге, сондай-ақ мүліктік және мұрагерлік құқықтарға әсер етеді. Бұдан бөлек, баланы тәрбиелеуге қатысты құқықтар мен міндеттер де сөз болып отыр.

Конституциялық сот даулы нормалардың Ата заңға сәйкестігін тексереді. Қазір іс бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз