Қоғам

Коронавирустан 6, пневмониядан 2 адам көз жұмды

Кейінгі тәулікте пневмония мен коронавирустан 8 адам көз жұмды. Жарияланған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 11 191 адам ем қабылдап жатыр.

Коронавирустан 6, пневмониядан 2 адам көз жұмды

Олардың арасында 614-і бала. Стационарларда 3 165 науқас бар. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастар арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 23 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Ал коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша, кейінгі тәулікте 157 жағдай және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 99 адам сауығып шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 41159, 427 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30059 жетті.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз