Саясат

Көшербаев өлшемі: Неге Әбдірахымов қана саяси сенімнен айырылды?

Президенті Әкімшілігініңбасшысы Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВТЫҢотставкасына қатысты пікір білдіріпті.

Көшербаев өлшемі: Неге Әбдірахымов қана саяси сенімнен айырылды?

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ атап өткендей, қазір еңбастысы – халық пен билік арасындағы диалог. Ғабидолла Әбдрахымов еліміздіңбасшылығы тарапынан қолдауға ие болып, сенімге ие болғанын жақсы білесіздер.Оның еліміздегі ең жоғары және жауапты лауазымдарға тағайындалуы. Өкінішкеқарай, ол мұны жеткілікті түрде түсінбеді. Ол адамдардың көпшілігі мемлекеткөмегіне мұқтаж болған кезде, Арыс қаласын қалпына келтіру жүріп жатқанда жәнеТүркістан дамып жатқанда Әбдрахымовтың жүріс-тұрысы БАҚ-тарда, әлеуметтікжелілер мен интернетте егжей-текжейлі талқыланды. Бұл Мемлекет басшысыныңтапсырмасына қайшы келеді, жалпы алғанда, биліктің беделіне нұқсан келтірді.Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді», – депті  Көшербаев.

Сонда саяси сенімнен айырылуүшін интернетте даулы шуға себеп болуың керек екен. Ондай болса, ПавелКулагиннің әлгі түнгі клубтағы видеосы неге саяси сенімнен шығармай отыр. Ол даәлеуметтік желіде әбден талқыланған еді ғой. Әлде ол биліктің еркесі ме? БАҚпен әлеуметтік желіде шу тудыру саяси сенімнен айыратын болса, кезінде жұртназарынан бір түспеген Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ неге саяси сенімнен айырылмаған? Қыстатірідей отқа оранған бес періштенің қазасы кезінде халықтың ашуына тиіп, көпбалалы аналардың жағдайы жақсы деген, сол кезде «Форбеске» сұхбаты шығып, жұртнаразылығын тудырған Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА неге саяси сенімді? Министрліктенкеткенмен, Ұлттық банктің басшыларының бірі болып отырған жоқ па? Әлде бұрынғыпрезидент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен бүгінгі президент Тоқаевтың билігінде саясисенім туралы өлшем өзгерген бе? Жалпы Қырымбек Елеуұлы бұл өлшемді қайдан алыпотыр? Мемлекеттік қызметтегі кез келген лауазымды тұлғаның қызметінің өлшемі неболуы керек? Оның қызметі қалай өлшенеді? Ылғи «жақсы» сұхбат беріп, өзін-өзіжарнамалап, зиялы қауымның аузын алатын «пысықтықпен» өлшене ме? Әлде халықтыңәлеуметтік-экономикалық жағдайын түзеп, ел идеологиясына ұлттық тұрғыда ықпалетіп, бірақ көрінбей жүрумен өлшене ме? Қалай? 

Жалпы Қырымбек Көшербаев Абайөлеңін оқу эстафетасында да: «Қазақтың жауы – масылдық дер едім. Ағайынмасылдықтан арылып, биліктен туысқан іздемей, тәуелсіз болса, әлеуметіміз де,экономикамыз да мықты болады емес пе?» дейді. Өзі Абайдың қара сөздері менөлеңдеріндегі масылдық туралы ойларын оқып тұр. Дұрыс. Бірақ осы балық басынаншіріп жатқан жоқ па? Қазаққа Абай өлшемін түсіндіру үшін, алдымен соған лайықжұмыс жасалу керек қой. Неге биліктегі адамдар Абайдың осындай ғибрат айтқансөздерін оқып, халықтың төбесінен қарайды. Осыдан-ақ билік пен халық арасындағыалшақтық байқалмай ма? Әділет, достық, адамгершілік туралы сөздерін неге үлгіетпейді? «Қарашада өмір тұр, тоқтатсаң тоқсан көнер ме», «Арсыз болмай атақжоқ, алдамшы болмай бақ қайда», «Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмірөтпек ол білдірмек» деген сөздері неге терең түсіну арқылы оқылмайды? Осы бірнауқанды Абайды түсіну үшін емес, халыққа өз ойын айтып қалу үшін пайдаланыпжатқан шенеуніктерге қарап, тағы бір езу тартасың. Айтпақшы Қасым-Жомарт Тоқаевпрезидент болып сайланғанда жастарды мемлекет ісіне тартамын деп айтқан. Расыменбіраз жас билікке келді. Солардың арасында алпыстан асқан Қырымбек Елеуұлы дажүр...

Енді дейміз, мейлі бұндайжүріс-тұрысы «еркін» шенеуніктердің қызметтен кеткені дұрыс болсын. Оны шешетінде біз емес (ал негізі халық шешуі керек еді ғой!). Президент Қасым-ЖомартТоқаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Елеуұлы осыдан кейін биліктегілердіңбәріне бірдей қарайтын шығар. Тура Көшербаевтың сөзіндегі өлшемдермен. «Айтқансөз – атылған оқ» емес пе?!

Коллаж: zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз