Қостанай облысында бір топ полицей ұсталды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Қостанай облысында полиция қызметкерлерін ұстады. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады. Оқиға 2026 жылғы 17 наурызда болған.
Тергеу дерегіне сәйкес, Қостанай облысы полиция департаменті мен ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлесіп, Рудный қалалық криминалдық полиция бөлімінің 3 қызметкерін ұстаған. Олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша күдікке ілінген.
Аталған бап:
топ болып алдын ала сөз байласу арқылы пара талап ету;
ірі мөлшерде немесе бірнеше рет жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынған.
Егер айып дәлелденсе, оларға:
7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
мүлікті тәркілеу;
өмір бойы лауазым атқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.