Қостанай облысының екі ауылында бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді
Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы және Октябрьское ауылдарында бруцеллез ауруына байланысты шектеу шаралары енгізілді.
Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, Қазанбасы ауылында жоспарлы диагностикалық тексеру барысында ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен бруцеллез жұқтырған мал анықталған.
«Зерттелген 323 бас малдың 23-інен ауру анықталып, олар санитарлық союға өткізілді. Қазіргі уақытта елді мекенді бруцеллезден сауықтыру мақсатында шектеу шаралары енгізілді», – делінген хабарламада.
Ветеринария басқармасының мәліметінше, жалпы Әулиекөл ауданында аурудың таралу көрсеткіші төмендеп келеді.