09:47, 25 Қазан 2023
Кремль Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді
Путиннің баспасөз хатшысы жауап берді
Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Ресей президентінің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дмитрий Песковтың пікіріне бірқатар ресейлік БАҚ сілтеме жасады.
Кремльдің ресми өкілінен Путиннің "жүрек ауруына" қатысты шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдарға пікір білдіру сұралды.
"Онда бәрі жақсы, бұл кезекті жалған ақпарат", - деп жауап берді ол.
Песков Путинге ұқсас адамның бары туралы қауесеттерді де "жалған ақпарат" деп атады.
Шетелдік басылымдар Путиннің "жүрегі ауыратыны" туралы жазды. Атап айтқанда, ұлыбританиялық ірі таблоид The Mirror.