Қоғам

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты әлі бұзбаған

Қазақстан темір жолы компаниясының төрағасы Нұрлан Сауранбаев ұлттық тасымалдаушы Әлия Назарбаеваға тиесілі делінетін Instant Payments ЖШС-мен шартты әлі бұзбағанын хабарлады, деп жазады Zhasalash.kz.

ҚТЖ

Оның айтуынша, "мәселе ұзаққа созылып кеткен”.

– Бұл мәселе ұзаққа созылып кетті. Сұрақ туындаған кезде, жоғарғы акционер бірден акционерлер қатарынан шықты. Ол жоқ. Бұл – цифрлық жұмыстармен айналысатын адамдар тобы болатын.

Компаниямен келісімшартты қазір де бұзуға болады, бірақ өйтсек біз онлайн-сатылым жасай алмай қаламыз. Бәрін бірден жұлып алып тастау мүмкін емес. Бірақ бүгін де тапсыру актісі бар. Ашық конкурс өтіп жатыр. Компания жеңді. 1 желтоқсанда конкурста жеңіске жеткен жаңа компанияға бәрі тапсырылады, - деді ол.

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева 2014 жылдан бастап ҚТЖ арқылы ақша тауып келген. Оған Instant Payments ЖШС тиесілі болды. Компания пойыздарға электрондық билеттерді ресімдеу және сатумен айналысқан.

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз