Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:03, 22 Мамыр 2024

Құлсарылықтар әкімшілікпен келісімге келді

л
Фото: из открытых источников

Мамырдың 21-нен 22-сіне қараған түні сағат 03:30-да Құлсары қаласында наразылық білдірушілер тарады, деп хабарлайды жергілікті АқЖайық басылымы.

Жеті күнге созылған наразылық шарасына қатысушылардың айтуынша, олар өз еркімен шатырларын алып, алаңнан кеткен.

Басшылық баспананы бағалау әділ өтеді деп сендірді. Бүгін наразылық шарасы өткен Махамбет даңғылы ашық, көлік қозғалысы қалыпқа келтірілген, деп жазады басылым.

Бас көшені жауып, аудан әкімшілігі ғимаратының жанында өткен митинг 15 мамырда басталды. Оған қатысушылар тұрғын үйдің әр шаршы метрі үшін 400 мың теңгеден төлеуді талап етті. 

4 сәуірде қалада төтенше жағдай жарияланып, 2900 үй мен жүздеген коммерциялық ғимарат зардап шекті. Жәбірленушілерді баспанамен қамтамасыз ету бойынша бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағалауға келіскендер өз шоттарына қаражатты ала бастаған.

Фото: АқЖайық

Тегтер: