Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 13 Маусым 2024

Квазимемлекеттік секторлардан игерілмеген 383 млрд теңге анықталды - Смайылов

Смайылов
Фото: ҚР Үкіметі

Квазимемлекеттік сектор субъектілері 2023-ші жылы республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алды. Бұл туралы сенат отырысында жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

Ал, олардың пайдаланбаған қаражаты жыл қорытындысы бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өскен. Бұдан бөлек, игерілмеген тағы 383 млрд. теңге анықталған. Бұл қаражат – квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлініп, шоттарда орналастырылып, алайда, пайдаланылмаған.

“Квазимемлекеттік сектордың бюджетті жоспарлау және оны орындау кезінде қаражатты игермегені және төмен нәтижесі үшін мемлекеттік органдармен тең дәрежеде Парламент алаңында жауап беретін уақыты келді” дейді Смайылов.

Сонымен қатар, ол қаражатты бақылау шоттарында жылдар бойы жинақтамай, экономикаға және қазақстандықтардың игілігі үшін пайдалану керектігін айтады.