Сараптама

Лавров: «Ресей Украина бойынша АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға дайын»

Ресей Украина мәселесі бойынша АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қытайға сапарынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Лавров

Оның сөзінше, қазіргі кезеңде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздердің қалай дамитынын бақылау маңызды.

«Біз бұл келіссөздерді құптаймыз және оларды жалғастыруға дайын екенімізді білдіреміз», - деді Лавров.

Сонымен қатар СІМ басшысы Ресей 2025 жылы Аляскада өткен Ресей–АҚШ саммиті барысында Украина бойынша қол жеткізілген келісімдерді сақтайтынын атап өтті. Дипломаттың айтуынша, Мәскеу диалогты жалғастыруды қолдайды және бұрынғы уағдаластықтардан бас тартпайды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз