Леңгірде әйелге түнде шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды
Леңгірде полиция жергілікті тұрғынға түнде шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер әйелдің үйіне заңсыз кіріп, оны аяусыз соққыға жыққан. Кейін оның ұялы телефонын алып кеткен.
Әйелді таңға дейін ұрып-соққан деген ақпарат тараған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.