Қоғам

LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) іске қосылғалы бері екі апта ішінде 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

LRT

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда LRT желісін күн сайын орта есеппен 65-75 мың адам пайдаланады. Оның сөзінше, бұл көрсеткіш жаңа қоғамдық көлік түрінің елорда тұрғындары мен қонақтары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. 

«Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл қалалық рельсті көліктің жаңа түріне деген қызығушылықтың жоғары екенін аңғартады», – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар қала басшысы LRT жобасының келесі кезеңін жүзеге асыру жұмыстары басталғанын хабарлады. Жаңа бағыт Астана мен Қосшы қаласын байланыстырады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта екінші кезеңді іске асыруға қатысты дайындық және жобалау жұмыстары жүргізілуде.  

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз