Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:08, 06 Ақпан 2024

Лукашенко әскерилердің азаматтарға оқ атуына рұқсат берді

Лукашенко
Фото: из открытых источников

Президент Александр Лукашенко Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызметінің жарғысына тиісті өзгерістер енгізді. Авторитар басшы Беларусь қарулы күштерінің жарғысына "өздеріне жүктелген міндетті орындау кезінде әскери қызметкерлердің азаматтарға оқ атуына, арнаулы құралдар мен техникаларды қолдануына болатыны" туралы өзгеріс енгізді.

Бұл өзгеріс бойынша, азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда да қару қолданылуы мүмкін, әрекеті жарғыға сай болса, әскери қызметкер жауапқа тартылмайды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы құжаттың 11-бабын өзгертуді тапсырды. Оның жаңа редакциясында әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде «қалыптасқан жағдайды, қылмыстың сипатын, әкімшілік құқық бұзушылықты және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, қару қолдануға» құқығы бар делінген.