Қоғам

«Мәдени астана» аясындағы фестивальдер мәресіне жетті

Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 1-15 тамыз аралығында өткен халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» және эстрада орындаушыларының Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» онлайн-фестивалі қорытындыланды.

«Мәдени астана» аясындағы фестивальдер мәресіне жетті

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы мамандарының айтуынша, фестивальдерге Ресейдің Башқұртстан, Татарстан Республикалары мен Алтай өлкесінен, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан және өз елімізден 71 өнерпаз қатысқан. Оның ішінде 41-і эстрадалық әнші болса, 30 қатысушы халық аспаптарында өнер көрсетті.

Сондай-ақ, ТМД мемлекеттерінен тыс АҚШ, Молдова, Монғолия елдерінен де әртістер қонақ ретінде қатысып, ыстық сәлемдерін жолдады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз