Саясат

Макс Боқаев бостандыққа шықты

Жер мәселесіне қатысты митингілердің ұйымдастырушысы Макс Боқаев бостандыққа шықты.

Макс Боқаев бостандыққа шықты

«Ақ Жайық» басылымы Макс Боқаев 4 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де Атыраудағы түзеу колониясынан босатылғанын жазды. 

Басылым мәліметіне сүйенсек, бостандыққа шықаннан соң Макс Боқаев белсенділермен кездескен. Кейін үйіне, анасына барған. 

Айта кетейік, 2016 жылғы қарашада Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға бас бостандығынан айырылды. Атырау қаласының №2 соты оларды ҚР ҚК 174-бабының 2-бөлігі "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Қоғамдық шара өткізудегі көрінеу жалған ақпарат тарату" және 400-бабы «Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу» бойынша қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сондай-ақ, ҚР ҚК-ның 400-бабы бойынша Макс Боқаев пен Талғат Аянға 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 530 250 теңге айыппұл салды.

2018 жылғы сәуірде Талғат Аянның жазасы жеңілдетілді. Сот белсендінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз