Саясат

Макс Боқаев түрмеден сәлем жолдады

Қоғамдық белсенді Талғат АЯН түрмеде жатқан МаксБОҚАЕВҚА жолыққанын facebook.comпарақшасында жазды.

Макс Боқаев түрмеден сәлем жолдады

«Макс Боқаевқаколонияға кіріп шықтық. Екі сағаттай әңгімелестік. Екі сағат екі минуттай тезөтіп кетті. Жағдайы жаман емес, сұрап жатқандарға, барша елге салем айтып жатыр. Бізді көріп көңілі көтеріліп қалды. Үш жыл үшай кінәсіз түрмеде отырса да, мінезі өзгермеген, қаталданбаған. Елде болыпжатқан бар жаңалықтан хабардар», — деп жазды Талғат Аян.

2016 жылы сәуір менмамыр айларында  Қазақстанның бірнешеқалаларында жүздеген адам жер митингісіне шыққан еді. Халық жер кодексінеенгізілген өзгерістер қарсы болды. Ол құжатта ауыл шаруашылығы жерлеріншетелдіктерге жалға беру уақыты 10 жылдан 25 жылға ұзартылған еді. Митинг 24сәуір күні Атырау қаласындағы Исатай мен Махамбет алаңында басталды. КейінАстана, Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында жалғасты.

2016 жылдың 28қараша күні Атырауда судья Гүлнар ДУӘЛЕШОВА қоғамдық белсенділер Макс БОҚАЕВпен Талғат Аянды бес жылға соттаған. Атыраудағы митингіге қатысқан қоғамбелсенділеріне «араздық қоздырды», «жалған ақпарат таратты», «митинг өткізутәртібін бұзды» деген айып таққан-ды.

Қазақстан құқыққорғаушылары бұл істе «саяси астар» барын айтқан. Ал шетелдік құқық қорғауұйымдары Қазақстан билігінен қос азаматты босатуды талап еткен.

Былтыр 2018 жылыТалғат Аянның өтелмеген мерзімі бас бостандығы шектелу жазасына ауыстырылып,бостандыққан шыққан еді. Ал Макс Боқаев болса әлі түрмеде отыр. 

Айтпақшы, 2016жылғы Атырауда басталған жер митингісінен кейін сол кездегі президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВ халық наразылық білдірген жер кодексіне мораторий жариялаған.

Фото: azh.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз