«Мал шығыны жоқ» Шөкеев өз сөзіне түсініктеме берді
Мақтааралауданында елді мекендерді басқан тасқын судың беті қайта бастады. Мамандардыңайтуынша, соңғы тәуліктерде су деңгейі орта есеппен 3-4 сантиметрге төмендегенібайқалады.
Апат кезінде сақтық үшін қауіпсіз аймаққа көшірілген ауыл тұрғындарыүйлеріне оралуда. Ал баспаналары бүлінгендер уақытша орналастырылған жердеотыр.
Осы аптадағы үкімет отырысында Түркістан облысының әкіміӨмірзақ Шөкеев апаттың алғашқы шығынын айтты.
– Алдынала жинақталған мәлімет бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан.Шығын көлемі нақтыланып жатыр, – деді өңір басшысы.
Шөкеевтің айтуынша,тасқын кезінде 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын көшірілді. Оның ішінде 6 127тұрғыны бар 5 елдімекенді су басты. Олар – Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебасжәне Достық ауылы. Ал аудан орталығыМырзакент пен Ақжол ауылдарынан қауіп сейіліп, тұрғындар үй-жайына қайтаоралуда.
Алдын ала есептеу бойыншажалпы 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 балабақшаны, 4 медицина нысаны мен 1мәдениет үйін, 10 дүкенді су шайды. Жеңіс ауылындағы көпір және республикалық, облыстық, аудандық маңызыбар 54,7 шақырым автожол бүлінді.
Жексенбі күні Шөкеев«Қазсушар» мекемесінің мамандарымен бірге Өзбекстанның Сырдария облысына барыпкелген болатын.
–Тасқын кезіндеӨзбекстанда 10 елді мекен су астында қалды. 70 мың халық көшірілді. Көрші елменосындай күрделі жағдайдан бірлесіп шығу жөнінде келісім жасалды. Жағдайтұрақтанған соң олар техникасымен Қазақстанға кіріп, коллекторларды тазалаужұмыстарына көмектеседі. Біз олардың шекарадан өтуіне мүмкіндік жасасақ болды,–деді Өмірзақ Шөкеев.
Ал Өзбекстан Қазақстанғакелтірілген шығын үшін өтемақы төлей ме? Бұл мәселе үкімет отырысында айтылғанжоқ. Бұған дейін ақпарат құралдарында біздің тараптан көрші елге ешқандайталаптың жолданбайтыны айтылды. Шамасы екі ел арасындағы мәселе бірлесіп жұмысістеу жөніндегі келісіммен шектелетін сияқты.
Ал Мақтааралдағы апатсалдарын жою шаралары Арыстағы алгоритм бойынша жүргізіледі. Осы алгоритмгесәйкес Шөкеев апаттан зардап шеккенәрбір тұрғынға өтемақы беру жөнінде ұсыныс білдірді.
– Су елді мекендерден кеткен соң бүлінген үйлерге кіріп,келтірілген шығынды есептеуіміз қажет. Содан кейін комиссиямен бірігіп баспаналардықалпына келтірудің жолын қарастыру қажет. Ал дүние- мүлікке нақты қандай зиян келгенін есептеу қиын. СондықтанАрыстағы тәжірибеге сүйене отырып мүліктің шығынын өтеу үшін су тасқыны кезіндеэвакуацияланған әр тұрғынға өтемақы беру қажет деп ойлаймын, – деді Шөкеев.
Былтыр Арыстағы әскери қоймада болған жарылыстан зардапшеккен әр тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы берілген болатын. Мақтааралдағыөтемақының көлемі әлі бекітілген жоқ. Бірақ Шөкеев сейсенбі күні апат аймағынабарып, ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Өтемақының мөлшері әлі шешілгенжоқ. Бірақ мен сол Арыстағыдай адам басына 100 мың теңгеден берілуін талапетемін», –деді.
Әрине, баспанасы бүлінген, малы мен дүние-мүлкіненайрылған халықтың жағдайы белгілі. Көпшіліктің көкейінде күмән-күдіктің барырас. Шөкеев осындай көңіл-күйді пайдаланып, ел арасында арандатушылықәркеттердің жүріп жатқанын ескертті.
– Төтенше жағдайдыбіз міндеті түрде тұрақтандырамыз. Оған тек уақыт керек. Ел шыдамдылық танытып,бәріне түсіністікпен қарап жатыр. Бірақ арасында «Неге жатырсыңдар, неге талапетпейсіңдер?»- деген арандатушылар кездесуде. Карантин жағдайында бұл – өте қауіптінәрсе. Ол үшін жауапқа тартуға болады. Мен ақпарат құралдары арқылы ескертемін:Біз әлі бәріне шыдап отырмыз. Арандатушылық сипаты бар әрекеттер жалғаса берсе,шара қолдануымыз мүмкін. Тек ресми ақпаратқа сену керек. Жағдай жасалады, шығынөтеледі. Ең бастысы, адам өлімі жоқ, – деді аймақ басшысы.
Шөкеев 2 мамырда халыққа арнаған мәлімдемесінде апаткезінде адам өлімінің орын алмағанын, сонымен бірге мал шығынының да жоқтығынайтқан болатын. Әкім өзінің осы сөзіне түсініктеме берді. «Ол кезде ақпаратсолай болған. Ешкім «малымыз су астындақалды» деп айтпаған. Ауыл әкімдері «малдың бәрі шықты» деген. Кейбір жерлердесу астында қалып қойған мал бар. Малдың шығын болғаны дәлелденсе, бәрі түгел өтеледі. Егістіктің шығынын даесеп жатырмыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінен комиссия келе жатыр, – дедіШөкеев.
Осы жерде айта кетері, бұған дейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандары жүргізген зерделеу жұмыстарыбарысында су тасқыны кезінде «Жаңа жол» мен «Еңбекші» ауылдық округтеріндегі 3 елдімекенде 1682гектар ауыл шаруашылығы дақылдарының бүлінгені анықталып отыр. Алдын ала болжам бойынша мұның шығыны 181,1миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, 799 мал өлген. Төрт түліктің жалпы шығыны249 миллион теңге шамасында. Бұл мәліметтің алдағы уақытта өсуі әбден мүмкін.Себебі шығын әлі толық есептеліп біткен жоқ.
Апат аймағына облыстың барлық аудандарынан, өзге өңірлерденде көмек келіп жатыр.
БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістаноблысы