«Мамай» қандай жоба?
«Мамай» жобасы – «Екінші Қосанов» («2-ші Қосанов»)емес. Жоба жас саясаткер Жанболат Мамайға демократия атауымен партия (ҚДП) құрғызып,сол арқылы алдағы парламент сайлауының көрігін қыздыру үшін псевдо-бәсекежасауды мақсат тұтпайды.
Мұны Жанболат Мамай мен оның белсенді әйелі ИнгаИманбай да, жоғарыдан түсірілген құпия жобаның оппозициядағы «сұрқай кардиналы»Төлеген Жүкеев те жасырып отыр.
Жоба жалғыз-жарым саяси технологтың «Қосанов»жобасы сияқты аяқасты, апыл-ғұпыл асығыс ойлап тапқаны емес. «Мамай» – саяситехнологтардың ұжымдасып жасаған күрделі жобасы. Осы ретте, оппозицияның ала-құлаәртектілігін, басы бірікпейтін шашыраңқы күйін айта келе, биліктің де тұтасып тұрғанмонолит емес екенін ескерген жөн. Алғашында оппозицияшыл партия құруға әрекеттеніпжатқан Ж.Мамай төңірегінде болып жатқан аумалы-төкпелі оқиғаға дөп басып бағаберудің қиындығы да осында болатын. Дегенмен 22 ақпанға жоспарланған партия съезініңалдында болған оқиғалар «Мамай» жобасына қандай мақсат қойылғаны жөнінде нақтыболжам жасауға жол ашып берді.
ҚДП-ға аймақтардан жақтастар іздеп, партияныңқұрылтай съезіне делегаттар дайындау ісімен Инга Иманбай айналысты, ал процестіполицияның пробациялық бақылауына алынған Жанболат Мамай үйінде отырып үйлестірді. Олардың айтуынша, облыстардың бәрінде партия штабтарын құруғажергілікті билік кедергі жасап бақты. Соған қарамастан, мамайшылар аймақтағыжиындарын сәтті өтікізді. Бұл ерлі-зайыпты жас саясаткерлердің қайсарлығы жәнеіскерлігі деп бағаланды. Қоғамдық пікір осылайша бірсыдырғы кете беруші еді, бірақәлеуметтік желіде жарияланған құпия жазылған аудио «Мамай – биліктің жобасы» екенін тағы бір ретдәлелдегендей болған. Аудиожазбада Атырау облыстық ішкі саясат басқармасыныңлауазымды екі қызметкері аймақтағы жастар альянсының жетекшісін ортаға алып,оны партия құруға күш салып жатқан Жанболат Мамайды қолдауға мәжбүрлеп жатқанысөз болады. Бұл оқиға «Мамай» – биліктіңжобасы» деген күдікті тағы да күшейте түсті. Бұдан кейін былайғы жұрт «ҚДП құрылтайсъезін өткізіп, партия құжаттарын әділет министрлігіне ресми тіркеуге жібереді,жұмыстың бәрі жоғарыдан сызылып берілген сценарий бойынша жасалып жатыр» деп ойлаған.Ж.Мамай мен оның жақтастары жер-жерден делегаттар жасақталып, олардың Алматыда өтетінҚДП съезіне келуге дайын екенін хабарлап жатты.
Съезд белгіленген мерзім таяғанда, 22 ақпанға4-5 күн қалғанда аймақтардағы белсенділерге жергілікті әкімдіктер қысым көрсетіп,делегаттардың сапарға шығуына кедергіні күшейтті. Олардың кейбірі бұған дейінжасаған заңбұзушылығы бойынша әкімшілік жазаға ұшырады, бірнеше тәулікке қамалғандарда бар.
Заң талаптарына сәйкес, партия құру үшін құрылтайсъезіне 1000-нан астам делегат қатысуы және оның үштен екісі аймақтардан келутиіс. Онсыз құрылтай съезі партия құру жөнінде шешім шығара алмайды. Жағдайдыңушығып, құрылтай съезде кворум жинай алмайтынын түсінген Жанболат Мамай мен оныңжақтастары жұртты 22 ақпанда митинг өткізуге шақырған. Дәл сол күні сотшешімімен Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылып, ел аумағында тыйым салынғанҚДТ қозғалысының жетекшісі М.Әблязов те митинг өткізуді айтып жүрген еді. Бұлахуалды тіпті ушықтырып жіберердей ауан қалыптастырған. Дегенмен Ж.Мамай менИ.Иманбай бар, олардың Алматыдағы аса белсенді жақтастары бар, қарсылықакциясын 21 ақпанда бастап кетті. Полициямен арадағы алыс-жұлыстың нәтижесі Ж.Мамаймен оның аса белсенді бір-екі жақтасының қамауға алынуымен тынды. Мұның 22 ақпандағымитингіге кері әсері болды, халық наразылыққа қатысуға қорқасоқтап қалды, көшегекөп адам шыққан жоқ.
Осы тұста Алматы облысы Қарасай аудандықсотының шешімімен пробация шартын бұзған Ж.Мамайдың үш тәулікке ғана әкімшілік қамауғаалынғанын айта кеткен жөн. Дәл осы жазаны сұраған прокурордың кенеттен райынан қайтып,апелляциялық шағым жасау арқылы Ж.Мамай жазасын бір тәулікке азайтып, онытездетіп бостандыққа шығарып жіберуі де күмән туғызады. Егер Ж.Мамайды оның кейбірбелсенді жақтастары секілді 15 тәулікке қамапқойғанда, ол 1 наурыздағы митингіге темір тордың ар жағынан қарап отырушы еді.
«Мамайдың» қандай жоба екенін айтпас бұрын,29 ақпандағы ахуалды еске ала кетейік. Түс ауа Ж.Мамай әлеуметтік желіге шығыпалып, Қарасай ауданы территориясында орналасқан үйін торуылдап жүргендер жөнінде,өзінің үйден шықса, қамауға алынатынын айтып байбаламға басып, жұрттың үрейін туғызды. Бұл дабыраны ертесінеесік алдына шыққан Инга Иманбай күшейтіп, әлеуметтік желіде тікелей хабартаратып жатты. Жұрттың назары қуыстағы көшедегі Мамай үйінің маңында болып жатқаноқиғаға ауды. Нәтижесі белгілі – алаңдар мен орталық көшеге наразылыққа шыққанадамдар санаулы болды, көпшілік тікелей эфирге көз тігіп, ерлі-зайыпты Жанболатпен Инга басынан өткеріп жатқан «теперішті тағдырды» қызықтап үйінде отырды.
Жоғарыда айтылған жайтты сараптай келе, төмендегідейболжам айтуға болады. «Мамай» – «2-ші Қосанов» емес. Жас саясаткер ЖанболатМамайға оппозициялық партия тіркеуге мүмкіндік берілмейді. Себебі билік үшіноның қажеті жоқ. Алдағы парламент сайлауында саяси бәсекелестік жасап, оппозицияныңрөлін ойнайтын ресми тіркеудегі партия бар, ол – Жалпыұлттық социал-демократиялықпартия (ЖСДП).
«Мамай» жобасын о бастан алаң жұртқа, көшегебағыттау жоспарланған. Ол ішкі қысымы күшейгенқазанның буын әлсін-әлсін шығарып тұратын клапанның рөлін атқаруы тиіс. Әрине, «Мамай»ұңғыл-шұңғылы көп, күрделі жоба болған соң, биліктің барлық тармағы оны түгел түсінбейқалады. Ерлі-зайыпты саясаткерлер мен полицияның арасында болып тұратын кейбіркикілжіңнің, асыра сілтеген әрекеттің себебі де осында. Десек те, мұның бәрі жобаға аса зиян келтіріпжатқан жоқ, қайта саяси ойынды қоғамға тартымды етіп көрсетіп тұр.
Ораз Әлімбек