Қоғам

Маңғыстау облысында жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

5 қазанда Қарақия ауданында Chevrolet Cobalt автокөлік жүргізушісін тоқтатты.

полиция

Автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде бекіре тұқымдас балықтарға ұқсас 22 дана балық табылып, тәркіленді. Аталған балықтар көлікте болған 55 жастағы әйел жолаушыға тиесілі болған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 136,15 келіні құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта тәркіленген балықтың шығу тегін және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз сатып алудан, сақтаудан және тасымалдаудан бас тартуға шақырады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз