Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 07 Тамыз 2024

Маңғыстауда балалар пансионаттары тәрбиеленушілерге діни әдебиеттер пайдаланған

в
Фото: pixabay

Маңғыстау облысындағы балалар пансионаттары тәрбиеленушілерге діни әдебиеттер пайдаланғаны анықталды.

Мәселен, облыста 5 пансионат қызмет көрсеткен. Олар: Мұнайлы ауданында 2, Жаңаөзен қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында 1.

Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келді. Барлық мекемелер бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңдылықты бұзушылық фактілері анықталды. Бұл ретте, қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған. Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған, делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру нәтижелерімен еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды.

Балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары) де әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған.

Қазіргі уақытта прокурорлардың талап-арыздары бойынша сотпен барлық көрсетілген пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері тоқтатылды.