Маңғыстауда туыстарының шотына қаражат аударған жеке сот орындаушының үстінен іс қозғалды
Маңғыстау облысы прокуратурасымен жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығына тексеру жүргізілуде.
Тексеру кезінде жекелеген сот орындаушылар тарапынан борышкерден өндіріп алушыға қаражат аударатын арнайы есеп шотынан үшінші тұлғалар, яғни өзінің жақын туыстарының шотына 3 млн теңгеден астам қаражатты негізсіз аудару деректері анықталды.
Нәтижесінде, аталған жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалысына тексеру жұмыстары жалғасуда.