Қоғам

Мәнізоровтың ұсталғаны рас па?

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары БағдатМӘНІЗОРОВТЫҢ қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды.

Мәнізоровтың ұсталғаны рас па?

«Бағдат Мәнізоров журналистер үшін ең ашықәкім еді. Бүгін ұсталды деген ақпарат тарады. Алатауауданын басқарғанда талай істі тындырды», — деп жазды facebook.comәлеуметтік желісінде журналист Жарас НИЯЗБЕК.

«ЖасАЛАШ»тілшісі осыған байланысты Алматы облысы әкімдігіне хабарласты.

«Бағдат Мәнізоров қызметтік іс-сапарда.Желідегі хабар жайлы естідік. Ол бойынша құзырлы органдарға сұрау саламыз», — деп қысқа қайырды Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат ЖҮКЕЛ.

2019 жылдың 12 шілде күні Бағдат Мәнізоров Амандық БАТАЛОВТЫҢ  орынбасарыболып тағайындалды. Бағдат САЙЛАНБАЙҰЛЫ мемлекеттік қызметке бизнестен келген.Талдықорғандағы «Шаған» желісінің иесі. Көксу, Ақсу аудандарын басқарған.2008-2017 жылдары Алматы қаласындағы Алатау ауданының әкімі болды.  

Фото: inform.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз