Өңір

Мақсат Жұмағұл. Етікші

2017 жылдыңкөктемі– Жақай тірі болғанда жетпіс жасқа толар еді, — дедіМәулен ойға шомып.

Мақсат Жұмағұл. Етікші

– Жақайдеген кім? – деп сұрады ұлы.

– Жақайдеген бір жақсы кісі болған. Ондай кісілер жасай береді.

– Жақайбіздің туысымыз ба? Ол жайлы бұрын неге ештеңе демедіңіз?

– Олкезде тумаған едің.

– Олкім? 

10жыл бұрын

Мәулен жұмыстан қайтыпкеле жатқан. Оның жолын төрт жігіт күтіп тұрды. Мәулен оның бірін бұрын иығыменсоғып кеткені бар. Содан әлгі кек сақтап қалған. Жолдастарын жұмылдырды. Енді төртжігіт «есіріктің сазайын тартқызайық тұздап» деп тұр.

Мәулен қалбалақтапкеледі. Ойында дым жоқ. «Мені ұрып кетеді» деп ойламады да. Бала көңіл байғұсжігіт. Қай бұрылыста қандай есерге жолығатынын қайдан білсін?

Бір ескі гаражғажақындады. Төртеуі сол мезетте Мәуленді ұстады. Мәулен дым түсінбеді. Ешкімгесоқтықпайтын момын жан таңғалып тұр. Байғұсты бұл төртеуі бір-біріне итеріп,жекіріп сөйлейді. Сөз ұғатын жөндері білінбейді. Өңдері қашып, тістеніпсөйлейді.

Ішіндегі «жапа шегушісі»жағасына жармасты. Мәулен оны кеудесінен итеріп жіберді. Төртеуі жабыла кетті.Ұрды. Тепті. Екеуі Мәуленнің қолдарын тас қылып ұстап тұр. Өзге екеуікезектесіп ұрмақ болды. Мәулен «біткен жерім осы шығар» деп ойлады.

Бір мезетте ымырттанбіреу шыға келді. Бұзақыларды бір-біріне соғыстырып, жайпап тастады.

— Шибөрі өңшең! Біркісіге төртеуің жабылып, мықтысымақ болған түрлеріңе болайын!

— Ей, бұл – делқұлы Жақай ғой! Қашыңдар! Делқұлы өлтірмей тұрғанда,жаның барда!

Төрт бұзақы қаша жөнелді.Мәуленнің үсті-басы шаң-шаң болып отыр. Белгісіз құтқарушы бұған жақындады.Мәулен зорға тыныстап, оған жаутаңдап қарады.

— Не болды? Бір-екіұрғанға бола он күн жылап отырасың ба?

— Мен жылап отырғанжоқпын!

— Түрегел олай болса!Неғып отырсың?

— Біле-білсеңіз мені жаңағана ұрып кетті!

— Ойпырым-ой, неткен қасіретдесеңші!

— Табалап тұрсыз ба?

— Сенің мына жайыңдытабалаудың жөні бар ма?

— Мені құтқарғаныңызғакөп рақмет!

— Сол да сөз болып па?

— Сіз болмасаңыз саутамтығымды қалдырмайтын еді.

— Оларға сонша не істеп едің? Тоқпақтайды келіп қырықжылғы өші бардай...

— Білмеймін ғой...

Еркек фонарін жақты. Ескігаражға кіріп кетті. Мәулен енді есін жиды. Түрегелді. Үсті-басының шаңынқақты. Тәлтіреңдеп үйіне кетті.

Түні бойы ойланды.Ертеңіне құтқарушысына рақметін білдіру үшін барды. Өзінің сәл-сәл дөрекілеусөйлегенін түсініп, кешірім де сұрамақ болды. Мәулен біреуге қарыздар болғандыұнатпайды.

Мәулен ескі гаражға имене-именекірді. Мұнда кісі баласы жоқ секілді. Бұл қаланың шет жағы. Ескі гараж. Бір-екіескі машинаның жұрнағы жатыр. Баяғыда темір-терсекке өткізу керек. Темірдің тотбасқан иісі сезіледі. Былай таза. Шашылып жатқан ештеңе жоқ.

Гараждың түкпір жағынанбір дыбыс шығады. Станоктың дыбысы шығатын секілді. Балғаның тарсылы. Солайжақындады. Бір кісі етіктің өкшесін жөндеп отыр. Шырамытты. Кешегі кісісекілді. Бұзақылар есімін кім деп еді? Кім еді? Құдай-оу?! Тілінің ұшындатұр… М… Жоқ! Ж… Жұман? Жоқ! «Делқұлы кім» деп еді?

— Не керек, жігіт?

— Делқұлы… Кешіріңіз,Жақай деген кісі керек еді?!

Мәулен сасқанынан есімінесіне түсірді. Өзі дым түсінбей қалды.

— Ә-ә, кешегі таяқ жегенжігітсің бе? Не керек?

— Сізге рақметімдібілдіріп, дөрекі сөйлескенім үшін кешірім сұрамақ едім.

Жақай бұған түйілеқарады. Етікшінің қара сұр жүзі сәл жылығандай болды.

Мәулен де оны бұрынкөрген еді. Бұл еркектің көшеде өлеңдетіп жүргенін талай мәрте көрген. «Көпжындының бірі ғой» деп мән бермеуші еді. Шошып кетті. Жай кері шегіне бастады.

Бұл еркектің өлеңіқұлағына сіңген еді. Өлеңін ұмыту мүмкін емес.

Оу, халқым, бері қара:

Осы маңнан қыз өтпеді ме?

Өзі реңді-оу,сәукелесінің үкісі бар,

Өзі есті-оу, тілініңмүкісі бар!

Реңдім-оу, бойжеткенім,қайдасың-оу?

Жүрекке түскен бір шоқсың-оу,

Жүруші ең, әрі-берікөлбеңдеп-оу,

Бүгін міне, ұшты-күйліжоқсың-оу!

Ұйпа-тұйпа, кір-кір болыпжүруші еді. Бүгін өзге кісі болып отыр. Таза. Байсалды.

Мәулен бұл кісі жайлысұрастырып білді. Мұның ерте көктемгі және қара күздегі мезетте көтеріліпкететін жайы бар екен. Бұрын тәп-тәуір кісі, ешкімге дес бермейтін палуан болыпты.Бір кеңседе қызмет істепті. Отбасылы болыпты. Жастай жесір қалыпты. Жалғызқызын жеткізіпті. Мұның қарсылығына қарамастан, қызы «біреуді сүйемін, тұрмысқашығамын» деп бой бермепті. Қызы ерте тұрмыс құрыпты. Екі қыз бала туыпты. Біркүні екі қызымен, күйеуімен жазатайым жағдайда опат болыпты. Жақай қайғыдан ішебастапты. Жындана бастапты. Жиырма жыл өтсе де, қайғысы тарамапты. Ескі гараждажұрттың етіктерін жамайды, пышақтарын қайрайды. Көпшіліктен жырақ күн кешеді.«Делқұлы Жақай», «етікші Жақай» деп кетті таныстары. «Тесілсе, жыртылса,шақайыңыз, жамайды, тігеді, Жақайыңыз! — деп өлеңдетіп жұрттың шақайын жамайды.

Миллиондаған кісісі барқалада мұндай да болады. Мәулен мен Жақай көшеде ұшырасып қалды. Екеуі сөйлесекетті. Екеуі көнеден таныс секілді. Мәуленнің әкесі есінде жоқ. Мәулен ол кездетым кішкене болған. Әкесі тым ерте қайтыс болған еді. Сол өлген әкесі қайтатірілгендей болды. Жақай туған ұлымен қауышқандай болды. Екі мұңлық: біріәкесі, екіншісі ұлы секілді сезді. Жақайдың өмірі түрленіп сала берді. Соңғыжиырма жылы түнекте жүргендей өтті. Ешкім онымен сөйлеспеді. Ешкім оны кісідемеді. Жақай бірте-бірте сауыға бастады. Бұрынғыдай «біртүрлілігі» байқалмады.Ішуін доғарды.

Жақай Мәуленді нардыойынына баулыды. Екеуі бос кезде нарды ойнады.

Бір күні Жақайдыңгаражына бір ит келді. Бұл Жақайдың иті. Ол ит бір күшікті тістеп әкеліпті.Күшік әбден тоңғандықтан, дір-дір етеді. Қараусыз күшікті бауырына басқанкөрінеді. Бұдан кейін санасыз жануар дейсің бе? Бұл күшік иттің соңынантомпаңдап ілесіп жүреді.

Тірі кісі тіршілігінжасайды. Жақай алпыс жасқа толды. Ұзақ жылдардан кейін бірінші мәртесергігендей болды. Ерте тұрды. Шаштаразға барды. Жолай базарға кірді. Жаңа киімсатып киді. Ұялы телефон сататын дүкенге кірді. Ұялы телефонның тәуірін таңдады.«Мәулен ұлым жөндеп береді» деп ойлады. Моншаға кіріп, оның буында отырды.«Жақай сауығыпты» деп жұрт пыш-пыштасты. Шынымен, еңсесін тіктеді. Етікшініңқара сұр жүзіне шырай кірді.

Жақай гаражға келе жатты.Бағдаршам. Жүкті келіншек пен кішкене қызы жолдан өтіп бара жатса, бір машинатым жоғары жылдамдықпен жүйткіп келеді. Жақай жанталаса жүгіріп, екеуінтоқтатты. Машина оны соғып кетті. Сол жерде жан тапсырды. Иесінен кейін, кәріиті де құсадан өлді. Мәулен мен күшік тағы да жетім қалды.

Кісінің өзі кеткенімен,көзін көргендер бар кезде, ол ешуақытта ұмытылмайды. Мәулен бос кезде гараждаетік жамап, пышақ қайрап жүрді. Бір күні күтпеген жағдай болды. Көне гаражғабір бойжеткен келді. Жиырма жасар мөлшерінде. Жақайды іздеп жүр екен.

Жақайдың дүниеден озғанынестіп, еңіреп жылады. Сөйтсе, ол оның некесіз туған қызы екен. Жақай сабазыңқарап жүрмепті. Өзі білмейтін қызы бар екен. Жақайдың ылғи өлеңге қосып жүрген:«Сәукелесінің үкісі, тілінің мүкісі бар» осы қыздың шешесі екен. Сол кезде жасыотыз бесте, бірақ тұрмыс құрмаған биші болыпты. Екеуі бірақ көңіл жарастырыпжүріпті. Ол жүкті болғанда, хат-хабарсыз қалыпты. Дүниеден озатын кезде бәрінжайып салыпты. Қызы бәрін кеш білді. Мәулен оның көңілін табуға тырысты.

Мәулен мен Жақайдың қызыкөңіл қосты. Екеуі үйленіп, үй болды. Келіншегі төрт ұл туды. Он жыл өте шықты.Күшік өсіп, ит болды. Көктемнің жұпар иісін иіскеп, Мәулен отбасымен біргесаябақта жүрді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз