Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:30, 15 Қараша 2018

Мақсат ЖҰМАҒҰЛ. Жүдеу жүзді кейіпкер бойжеткен

ЖҮДЕУ ЖҮЗДІ КЕЙІПКЕР БОЙЖЕТКЕНтриллер — Мені жайыма қалдыр. Сені сүймеймін. Бекер дәмеленбе!
– деді Гүлсая. — Бір мүмкіндік берші. Мен соншалық жаман жігіт емеспін. Мені танып білсең, жақсы көріп кетесің, жалынамын, бір мүмкіндік берші, — деді Мұқаш. — Өзің неткен сөз ұқпайтын жансың. Сені мүлде танымаймын және мүлде танығым да келмейді. Бір мүмкіндік түгіл, жарты мүмкіндік те бермеймін. Маған жалынып, беделіңді түсірме. — Неғып мені ұнатпайсың? Қай жерім жаман? Қай жерім кем? Айтсаңшы! Кем-кетігім болса, дереу түзетейін ол жерді...Мұқаш оны тамсана «Сая» дейді. Саяны бүкіл жан-тәнімен сүйеді. Бойжеткен де оны сүйсе деп үміттенеді. Саяның иісін иіскеп, ернінен сүйгісі келеді.Сая теріс бұрылып, жылдам басып кете берді. Сырттай қарасаң, қашып баратындай көрінді. Мұқаш соңынан айғайлап еді, тіпті бұрылып та қарамады. Саяның неғып бұлай қарысқанын түсінбей дал болды. Мұншалық сезімсіз дегеніне нанбады. Кісі баласына сенімі жоғалғаны байқалады. Бір себебі болуы керек қой. Әртүрлі себеп іздеді. «Мүмкін бұрын тұрмыста болды ма?»… «Мүмкін бұрын бала алдырып, балалы болу мүмкіндігін жоғалтты ма?»… «Не зорлықтың құрбаны болды ма?»… «Не сүйгені бар ма?»… Соңғы нұсқа Мұқаштың жүрегін кездікпен тіліп жібергендей болды.Мұқаш сол күннен бері сергелдең күйде. Саяға әбден бауыр басқан. Ол жайлы ойлай береді. Ұмытуға тырысса да, еш ұмыта алмайды. Бұл бекер емес. Оған бір жәрдемі керектей сезінді. Достарына айтса, олар: — Сүймеймін десе, шынымен сүймейді. Сені бекер дәмелендірмей, бетіңе шынын айтқанына рақмет де. Болды. Оны ұмыт, — десті. — Жоқ, оны ұмыта алмаймын. Сүйемін оны. — Төңірегіңде неше түрлі бойжеткендер толып жүр. Қайдағы бір шүйкебасқа несіне жабысып қалдың? — Оған ешбір бойжеткен жетпейді. — Бауырым, бұлай кесіп сөйлеме. — Махаббатыма нық сенемін. Гүлсаяны өзіме қаратамын. — Байқашы, досым! — Гүлсаядан өзге ешкімді байқамаймын!Мұқаш – шымыр денелі, қара торы, қоңыр көзді, денесі секілді жаны да кең, жайсаң жігіт. Өзіне нық сенімді, теріс қылығы жоқ, жоғары білімді азамат. Бұл жолы бірбеткей боламын деді. «Оқыған жігітпін. Бұрын тұрмыста болды ма, балалары бар ма, тағы басқа себебі болса да бәрібір. Мен ешқандай себепке қарамаймын» деді. Мұқаш белін бекем буды. Гүлсаяны өзіме қаратамын деді.***Гүлсая – ұзын бойлы, өңі бозарған, көрікті, жиырма үш жасар бойжеткен. Сымбаты келісті, өзі көрікті болғанымен, біртүрлі жүдеу еді. Бір езу тартып күлу дегенді білмейді. Үнемі сазарып жүреді. Бұл байғұс несіне жетісіп күлсін?! Отбасы жылуы, әке-шеше мейірімі дегенді көрген жоқ. Әкесі мен шешесі бұл кішкене кезінде қайтыс болыпты. Бұл бір жайсыз оқиға. Гүлсаяның әкесі өзінің туған бауырымен төбелесіпті. Ағалы-інілі бір-бірін жазым етіпті. Бұл оқиға жайлы жұрт білсе де, айтуға аузы бармайды. Тым ыңғайсыз оқиға еді. Қайнысы жеңгесіне көңілі кетіпті. Жеңгесіне реті келсе, қырындап жүрген. Жеңгесі өте бірбеткей, жібі түзу жан екен. Бұзық ойлы қайнысының бетін қайтарып тастапты. Жеңгесі бетін қайтарғасын, бұзық жігіт өштесіп, тісін қайрап жүріпті. Бір күні жеңгесі оңаша отырғанда, ту сыртынан тарпа бас салыпты. Бұзық ойын іске асырмақ болғанда, ағасы келіп, екеуі төбелесе жөнеліпті. Екеуі де жарақаттанып, жан тапсырыпты. Келіншек көп қайғырыпты. Ең соңында күре тамырын кесіп өліпті. Соңында шырылдаған баласын тастап кете барды.Кісі баласы біреудің өмірін талқылағыш келеді. Бұл оқиға жұрттың темір талқысынан өтті. Тіпті, кішкене Гүлсаяны ағайындының үлкенінен тапты ма, әлде кішісімен ойнап тапты ма? Әлде, біз білмейтін тағы бір ойнасынан туған шатасы ма? Әжесі немересін өз қарауына алып бақты. Әжептәуір кеңседе есепші болып істеуші еді. Жалғыз өзі кішкене қызды қарады. Бұл екеуінен бүкіл туысы, тіпті кемпірдің өз ұлы мен қыздары да одан іргесін аулақ салды. Келешекте ұл үйлендіріп, қыз ұзатамыз, сендердің масқараларың кесірін тигізбесін десті.Гүлсая өзге балалар әке-шешелерімен жүргеніне қызыға қарайтын. Мектептегі ата-аналар жиналысы, саябақтағы серуен, мерекелік отырыстар оның көңіліне кірбің түсіруші еді. Ол есейгенде жақсы жігітке тұрмысқа шығып, тұңғышы қыз бала, одан кейін екі ұлым болады деп армандап жүрді.***Гүлсая он сегіз жасқа толған күні жағымсыз оқиға болды. Оны біреу ұрлап кетіп, өз үйіне келін, өзіне келіншек етті. Саяның сүйенер ешкімі жоқ, жазмышқа көнді. Күйеуі жаман емес еді. Гүлсая күйеуімен әлеуметтік желіде танысты. Дәл бұлай болады деп ойламады. Бір кездескенде көлігіне салып әкетті. Бірақ, Гүлсаяны енесі жақтырмады. Оның түп тамырын қазбалап, өзіне керегін білді. Гүлсая тұрмысқа шығып, бақытты болып кетеді деген ой туыстарына маза бермей, байғұсты мазалай берді. Күйеуінің жұртына өсектеді.Содан енесі сорлыға күн көрсетпеді. «Тексізден туған тексіз, бетсізден туған бетсіз! Бедірейген түрің құрысын, тексіз шата! Шешең ұятсыздық жасап, әркіммен бір жатқанша, саған үй шаруасын үйретпеді ме? Менің киелі шаңырағымды ластадың! Сен ұстаған затты қалай ұстаймын? Сен жасаған тамақты қалай жеймін? Ұшынып өлетін болдым. Сорлы балам, саған қайдан ұрынып жүр… Бүкіл ұрпағы тексіз болатын болды» деп тиісіп жүрді. Гүлсая үндемеді. Амалы жоқ, сүмірейіп жүре берді. Тіпті, бір күні енесі мен қайын әпкесі оны байлап тастап, ұрып-соқты. Тек күйеуі мен қайнысы келіп арашалап алды. Енесі бұл оқиғадан соң бір сәт тыныштық бермеді.Гүлсаяның енесі біртүрлі жан еді. Ерсі кісі. Жауыз қатын. Өзінен жиырма жас үлкен еркекке тұрмысқа шығып, үш бала туған. Тым ерте жесір қалды. Әр кеш сайын жүз грамм ұрттап, күніне бір қорап темекі тартып жүреді. Онысымен қоймай, оның ешкім білмейтін жан сыры бар. Ол Гүлсаяның әкесіне ғашық еді. Жас кезінен ынтызар. Бұл қатын жастайынан еркек пішіндес, дөрекі, кісіліктен жұрдай болды. Еркек бұған көз салмады. Әлдеқайда нәзік, биязы бойжеткенді таңдады. Соған үйленді. Ол Гүлсаяның шешесі еді. Міне, сондықтан Гүлсаяның шешесін жек көріп, күні-түні тілдеп жүрді. Оны күйзелткен оқиға болды. Ғашығы өлді. Соңынан күндесі өлді. Сөйтіп жүргенде оның қызы үйіне келін болып түсті. Өзі шешесінен айнымайды. Бет-жүзі, бойы, сымбаты тура шешесінікі секілді. Оны неғылса да үйінен қуып шықпақ болды.Жынды енесі өзінің бөлмесіне кісі баласын кіргізбейді. Есігін кілттеп, жауып ұрланып жүреді. Өйткені, бөлмесі түгел сүйіктісінің суреті еді. Енесі ноутбугына, ұялы телефонына, тіпті  жұмбақ бөлмесінің қабырғасына марқұм сүйіктісінің суретін ілген.  Күндіз демей, түн демей, сол суретке телміріп қарап отыратын әдеті бар. Сол суретке құдайға табынған секілді табынады. Тіпті, ваннада жуынып отырып суретпен сөйлесіп отырады. Әркім шатасады. Бір күні бөлмесін кілттеуді ұмытып кетеді. Кіші ұлы бөлмеге кіріп келеді. Әлдебір бөтен еркектің суретін көріп таңғалады. Шешесінен жауап сұрады. Шешесі «Менің сүйгенім осы. Сендердің әкелеріңді ешуақытта сүймегенмін. Өзімнен жиырма жас үлкен біреуге шарасыз болғасын тие салдым. Табынатын құдайым, сүйген жарым, жалғыз пірім, әуезді әуенім, осы!» деп суреттегі еркекті көрсетті. Бұл оқиғадан кейін кіші баласы бұдан біржола безіп кетті.Бұл сұм ене кісіні жек көрсе де, күйеу баласына жағымпазданып жүреді. «Текті жердің баласы ғой» деп жалбақтап мәймөңкелейді. Әлгі текті жердің баласы солақай жүріске бейім еді. Қатыны тумағасын әртүрлі бойжеткендер мен қатындарға көп баратын. Жексұрын қатыны тек жүрмей, әркіммен жатып жүретін. Ең соңында өзі және қатыны иммун тапшылығын жұқтырып тынды.Сөйтіп, екі ай өтті. Енесі келінінің марқұм шешесін боқтап, қарғаса да, келіні кетпеді. Өзі кетпегесін, жоспар құрды. Бір сиқыршы барын естіді. Әлгі сиқыршы мықты екен. Кез келгенге кесір жасап, жоқ етеді-міс. Енесі келініне кесір жасамақ болды. Гүлсаяның суретін, бірер киімін сиқыршыға апарды. Сиқыршы бір қараңғы үйде тұрады. Тек бір майшамы ғана жанып тұр. Өзі бірдеңені күбірлеп оқып отыр. Гүлсаяның енесі бүгежеңдеп кіріп келді. Сиқыршының май-май пілтеленген шашы додырап өсіп кеткен, сақал-мұрты тікенектей, жағы қушық, тістері етінен остиып шығып, байқамай қаттырақ бірдеңе жесе, шорт сынып, үгітіліп түсетіндей жиіркеншіті біреу екен. — Ағай... — Ағайы несі? Мен сенің туысың ба едім? — Кешіріңізші... — Не үшін келдің? Ха-ха, сен секілді қатындар бір мәселемен келеді. Енесі келініне сиқыр жасатады. Солай ма? — Солай, ағай… Ой, мырза! Солай, дәл солай. Мен келінімді… ол тексізді келінім ретінде мойындамаймын. Ол тексіздің көзін біржола құртқым келеді. — Сен нық сенемісің? Келініңді расымен құртқың келе ме? — Иә… Жек көремін! Менің отбасыма лайық емес!Сиқыршы бір ұнтақ беріп: — Естіп тұрмысың, ей, қатын! Мынау – у. Кәдімгі у! Осыны қырық күн бойы келініңнің тамағына білдірмей қосып беріп жүр. Қырық бірінші күні өзі-ақ сеспей қатады! – деп қарқылдап күлді сиқыршы. — Сол тексізден құтылсам болды! — Саспа, құтыласың! — Сенің дұға-тілектеріңмен, әрине!Содан енесі келініне күн сайын у бере бастады. Он күн өткенде, Гүлсая әжептәуір жүдеп, әлсіреп кетті. Бір күні енесінің мұның тамағына бірдеңе сеуіп тұрғанын көрді. Тамақты жеген сыңай танытатын болды. Бірақ, жемеді. Әдейі жүдеу кейіп танытып жүрді. Жауыз енесі күн санады.Күндер өте берді. Қырық бірінші күні Гүлсаяның күйеуі көлік апатынан дүние салды.  Ақпанның ақ түтек боранында Гүлсаяны үйден қуып жіберді. Үстіндегі жұпыны әрі жұқа киімі киім болмады. Оның үстіне жүкті еді. Бір жағы қайғыдан, екінші жағы суықтан дірілдеп, түсік тастады. Бірнеше күн нәр татпаған. Бір жерде жығылып жатты. Дәл осы сәтте ештеңе сезбеді. Сол маңайдан ұры өтіп бара жатып, мұны көрді. Мұның ұялы телефоны мен күміс сырғасын шешіп әкетті. Бір кезде жылымық сезді. Гүлсая «өлдім» деп ойлады. Көздерін ашса, үш сұлба тұр. Бірі ұзын бойлы еркек, екіншісі денелі бойжеткен, үшіншісі денелі жігіт. Бұлардың түрлерін анық көрмеді. Бұл үшеуі Гүлсаяны күтіп бақты. Бір аптада орнынан түрегелді.***Белгісіз жандар сондай мейірімді. Еркектің есімі – Темір. Бұл еркек тым көрікті еді. Гүлсая мұндай жанды бұрын соңды көрмеген. Темірдің жалбыраған ұзын шашы, ұзын бойы, сырғасы, түгел өрнек пен сурет салынған денесі, бұлшықеттері, әдемі дауысы, тұп-тұнық жасыл көздері көңілі жарым сорлыға ерекше көрінді. Өзі ерекше сиқыршы екен. Жанындағы бойжеткен оның қызы, жиырма бір жасар – Бегім. Толық төсті, томпақ бөкселі, шаштары тобығына дейін, әртүрлі салпыншақ сырға, алқа, білезік, сақина тағынған сылқым. Бұл бойжеткен де әкесі секілді сиқыршы екен. Үшіншісі, ұлы Беглер екен. Бұл да шашы ұзын, ұзын жадағай киген жиырма жасар сиқыршы жігіт. Бұл үшеуі Гүлсаяға туған жандары секілді қарады. Гүлсая бұл үшеуіне қатты бауыр басты. Темір мен оның балалары оған бүкіл әлемді көрсетті. Оның жан жарасын емдемек болды. Бірақ, оның жанын жегідей жеген бірдеңе болды. Ол – кек. Енесінің әрбір сөзі, оның тамағына у қосып бергені, күн көрсетпегені, әр сәт сайын теперіш көрсеткені тыным бермеді. Түсіп қалған шаранасы. Гүлсая қыз бала тапқандай, егер, айы-күні толып, балпанақтай қыз бала табатын ба едім деп аласұрды. Көздері, бет-жүзі дәл әкесінікіндей болады. Бірақ… Жоқ. Күйеуі де жоқ. Қызы да жоқ. Енесінің тірі жүргені жынын келтірді. Гүлсая кек қайтармақ болды. Төртеуі жоспар құрды. Темір Гүлсаяның енесін, Бегім улағыш сиқыршыны, Беглер оның қайын әпкесін арбады. Гүлсаяның енесі көрікті еркекті көріп, оған тым ынтызар болды. Улағыш сиқыршы уылжыған жас бойжеткенді көріп, құштар болды. Беглер Гүлсаяның қайын әпкесін бір жарға ертіп келді. Өзі төменде тұрып, «секір» деп арбады. Ол секіріп өлді. Темір  мен оның балалары екі сыбайлас: ене мен сиқыршыны шөл далаға алдап әкелді. Темір жасыл көзді, жүндес, тым үлкен үрейлі құбыжыққа айналды. Екі жауыз мұны көріп, әбден сасқалақтады. Гүлсая жауыз енесі мен сиқыршыны тура қырық күн ұрып соқты. — Кешірші, қызым, кешіре гөрші! Жалынамын, мен сенің шешеңмін ғой! Күйеуіңнің шешесімін! Сен мұншалық жаман емес едің, кешірші мені, кешірші, шешеңді! – деді енесі. — Енді «қызың» болдым ба? Сен «шешем» болдың ба? Мен «тексіз», «лас», «жаман» едім. Енді кешірім сұрап тұрмысың? Мені сабадың. Боқтадың. Тілдедің. Тіті уладың. Бәріне көндім. — Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Мен тым қатты жаңылдым. Мен тым шектен шығыппын. Өте қатты өкінемін, – деді енесі. — Енді бәрі кеш! — Кешірші, қызым, – деді улағыш сиқыршы. — Саған кешірім жоқ! — Жоға, қызым! Саған тасжүрек болған жараспайды, – деді улағыш сиқыршы. — Жетер, үндемеңдер!Бегім жауыз енені шараптың шөлмегіне, улағыш сиқыршыны у толы шөлмекке салып, екеуін әбден әуреледі. Екі жауыз тұншығып өлді.Темір Гүлсаяның барлық естеліктері мен сезімдері бір қобдишаға салып, тығып тастады. Гүлсая үш сиқыршыдан сиқыршылыққа баулуын сұрады. Ол Темірдің эзотерикалық рәсімдеріне қатысты. Гүлсая біртіндеп сиқыр өнерін меңгерді.***Міне, осындай теперіш көріп, әбден жаны мұздаған, сезімсіз, сенімсіз Гүлсаяны Мұқаш жолықтырды. Мұқаш бойжеткенді сүйіп қалды. Гүлсая үш сиқыршының жетегінде жүргенін ұғынды. Оған жәрдемдеспек болды. Бірақ, Темір мен қызы оған кедергі болды. Мұқаш оған көнбеді. Темір оны жойып жібермек болды. Гүлсая: — Оған тиіспе! Ол бір бақытсыз жан! — Сая, жаным, сені сүйемін! Сені толық қабылдадым. — Жоқ, мен секілді есік көргенді қайтесің? Талай жақсы бойжеткен бар. Өз бақытыңды әлі табасың. — Менің бақытым сенсің! — Жоқ, бекер дәмеленбе!Темір мен Бегім Гүлсаяны ертіп, түнекке еніп, жоқ болды. Мұқаш байғұс содан бері ішімдікке салынып кетіп, өмірден түңіліп кетіпті.Фото: gadalka52.ru
Тегтер: