Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:22, 25 Қаңтар 2024

Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялады

Жыланбаев
Фото: из открытых источников

"Экстремистік ұйымның ісіне араласты" және "экстремизмді қаржыландырды" деген айып тағылып, 7 жылға сотталған Жыланбаев түрмеде тағы да аштық жариялады, деп жазды Zhasalash.kz.

Жеті жылға сотталған Марат Жыланбаев үкімнің күші жойылғанға дейін ұзақмерзімдік аштық жариялайтынын айтты. Бұл жөнінде оның адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

Адвокат 24 қаңтарда Марат Жыланбаевпен кездескен. Адвокаттың сөзінше, Жыланбаев апеллциялық сот алқасының шешімін бүгін ғана естіген. Өткен аптада сот Жыланбаевты жеті жылға түрмеге кесу туралы бірінші сатыда шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

"Марат сот қаулысынан бейхабар болған. Сондықтан оны естіп, өзін жеті жылға соттағаны жөнінде үкімге наразылығын білдіріп, өз уәдемде тұрамын деп "сот үкімі күшін жойылғанға дейін мерзімсіз аштық жариялаймын деп шешім қабылдадым" деді" дейді адвокаты Мейіржан Досқараев.

Адвокаттың айтуынша, Жыланбаев аштық жариялайтыны жөнінде мекемеге де арыз түсірген. Қазір Жыланбаев тек су ішіп отыр деді адвокат.

Астана тергеу изоляторының қызметкері Жыланбаев бойынша барлық сұрақтарды қылмыстық атқару жүйесі департаментінен білу қажеттігін мәлімдеді.