11:47, 29 Қараша 2024
Мас күйінде көлік айдаған әкім 15 тәулікке қамауға алынды
Әкім бұл лауазымға былтыр желтоқсан айында ғана тағайындалған екен.
Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйде ұсталды.
Қалқаман ауылдық округінің әкімі – Тілеуғали Кендебай. Ол бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.
Әдеп жөніндегі кеңес оны қызметінен босатуды ұсынып отыр. 31 жастағы әкім қызметтік автокөлікті мас күйде жүргізген. Оның ішімдік ішкенін медициналық сараптама растады.
Қазір Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.