Әлеумет

Машинист шұғыл тежеуді қолданса да тоқтай алмаған

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар автобусыменпойыздың соқтығысуына қатысты мәлімдеме жасады.

Машинист шұғыл тежеуді қолданса да тоқтай алмаған

Бұл туралы «Жас АЛАШ»хабарлайды.

ҚТЖ компаниясының өкілі өткел кезекшісінің жолаушылар пойызын тоқтату үшінтосқауыл бағдаршамын іске қосқанын айтады.

«№43 жолаушылар пойызыныңмашинисі шұғыл тежеуді қолданды. Бірақ аз қашықтықтан соқтығысудың алдын алаалмады. Соқтығысу кезінде автобус жол жиегіне шығып кетті. №43 пойызэлектровозды ауыстырғаннан кейін 01 сағат 38 минутқа кешігіп жолға шықты, пойызжолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ»,деп ақпарат таратты ҚТЖ баспасөз қызметі.

Бір адамның өмірі қиылған жол апатына байланысты қылмыстық іс те қозғалған.Дәлірек айтқанда қылмыстық кодекстің 344 бабының 4 бөлігі және 345 бабының 3бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Іс бас көлікпрокуратурасының бақылауына алынған.  

Фото: sro-auto.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз