Live

Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берді

16:00–дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берген

1

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында сағат 16:00–дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес, өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші мынадай:

  • Астана қаласы – 39,91%;

  • Абай облысы – 63,02%;

  • Ақмола облысы – 53,16%;

  • Ақтөбе облысы – 66,19%;

  • Алматы облысы – 56,25%;

  • Атырау облысы – 51,17%;

  • Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;

  • Жамбыл облысы – 56,31%;

  • Жетісу облысы – 68,03%;

  • Қарағанды облысы – 53,42%;

  • Қостанай облысы – 54,15%;

  • Қызылорда облысы – 67,36%;

  • Маңғыстау облысы – 56,17%;

  • Павлодар облысы – 55,89%;

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;

  • Түркістан облысы – 69,84%;

  • Ұлытау облысы – 51,53%;

  • Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%;

  • Алматы қаласы – 33,73%;

  • Шымкент қаласы – 40,23%.

Сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында байқалып отыр.

Бұған дейін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берген еді. Осылайша, екі сағат ішінде дауыс бергендердің үлесі 8,4 пайыздық тармаққа артқан.

Айта кетейік, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға жеті саяси партия және бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттар қатысуда. ОСК мәліметінше, бір депутаттық мандатқа орта есеппен үш кандидат үміткер.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: сайлау
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз