Live

«Қазатомөнеркәсіп» басшылығынан тағы бір топ-менеджер кетті

"Қазатомөнеркәсіп" басшылығынан тағы бір топ-менеджер кетті

Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов 26 қарашада өз еркімен қызметінен кетті. Компанияның директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Компания өкілдері жұмыстың штаттық режимде жалғасып жатқанын хабарлады. Сағындықовтың міндеттері басшылық құрамындағы өзге мүшелерге бөлінген.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековтің де өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеген еді.

Кейін ҰҚК Омарбековтің және басқа да тұлғалардың ұсталғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, олар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз