Live

Семейде жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған ер адам өмір бойына сотталды

Семейде жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған ер адам өмір бойына сотталды

қылмыс

Семейде жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сәбидің мәйіті қоқыс жәшігінен табылған. Тергеу мәліметінше, ер адам нәресте дүниеге келгеннен кейін оны көлікке салып алып кетіп, қоқыс жәшігіне тастаған. Сараптама баланың тірі туғанын және суықта қалып, үсіп қайтыс болғанын анықтады.

Сот ер адамды сәбиді өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Ал баланың анасы екі жылға сотталған. Алайда рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеуден босатылды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: қылмыс
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз