Live

Қазақстанда студенттер жатақханаларына полиция қызметкерлері бекітілді

Қазақстанда студенттер жатақханаларына полиция қызметкерлері бекітілді

жатақхана

Қазақстанда студенттер арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік пен ақша бопсалаудың алдын алу мақсатында жатақханаларға полиция қызметкерлері бекітілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, оқу жылының басынан бері студенттер арасында 566 құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Оның ішінде 23 ұсақ бұзақылық, тыйым салынған орындарда темекі шегудің 211 дерегі және көші-қон заңнамасын бұзудың 234 фактісі анықталған.

Жатақханаларда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, ғимаратқа кіру-шығу тәртібі бақылауға алынған. Университеттерде ішкі қауіпсіздік қызметтерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылып, студенттерге учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері ұсынылған.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Карина оқу орындарының басшылығына студенттердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.

"Зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға, студенттердің өтініштерін елемеуге немесе оқу орнының беделін жастардың қауіпсіздігінен жоғары қоюға болмайды", – деді Қ. Карина.

Министрлік әлімжеттікке, қорқытуға немесе бопсалауға тап болған студенттерді және осындай оқиғалардың куәгерлерін дереу полицияға хабарласуға шақырды.

Сондай-ақ өрескел құқық бұзушылық жасаған студенттерді оқудан шығару мәселесі қаралуы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің бұл мәлімдемесі Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі студенттің қаза табуына байланысты оқиғалар қоғамда резонанс тудырғаннан кейін жасалып отыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: студент
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз