Мавр Абдуллинге ағаштарды санап шығу үшін 50 миллион керек
Ақтөбеде енді әр талдың өз құжаты болады.Әкімдіктегілер қаладағы ағаштарға санақ жүргізу үшін облыстық бюджеттен 50миллион теңге сұратпақшы.
Мавр АБДУЛЛИН бастаған қалалық әкімдік өзенарналарын тазартамыз деп жағасындағыағаштарды отатқан, құны алты миллиарджеті жүз мың теңге тұратын жобадан кейін, және қаланы көгалдандырамыз депбюджеттен тал егуге 90 миллион теңгебөліп, артынан бәрін бірдей қуратып алған ІлиясИСПАНОВТЫҢ әрекетінен кейін осылайша жаңа бастамаға көшпек екен. Қысқасы, облыстық маслихаттың кезекті отырысында Испановтан қалғанағаштарды санап шығу үшін бюджеттен тағы 50 миллион теңге сұрамақшы екен.
Ақтөбеде жасыл желекке қатысты дау республикалықбюджеттен алты миллиард жеті жүз мыңтеңгені бөлдіріп, өзен арналарын тазарта бастағанда шыққан еді. Сол кезде табиғат жанашырлары қаладағы жасыл желектіңоңды- солды оталып жатқанына наразылық білдірген еді. Тұрғындар қазір де биліктің қаладағы ағаштарғасанақ жүргізіп, бас басына құжат береміз дегендерін түсінбейміз дейді. Алдыменеккен ағаштарын қуратпай өсіріп алмай ма деп отыр.
«Қанша ағаштыстуденттер екті. Соны биыл суармай бәрі қурап қалды. Бұрынғы әкім жарайды кетіпқалды. Қазір келген әкім қайда қарап отыр. Ағаштарға құжат не үшін қажет? Керекемес. Барлық талға бермейсің ғой. Қазір он тал ексең біреуі қурап қалады. Солақшаны қалталарынан шығарса ойлайтын еді. Өз қалтасынан шықпаған соң бәрібір», — дейді қала тұрғыны Сақтаған ЕРЖАНОВ.
Өзен арналарын тазартуға қатысты миллиардық жобаны артынан тексеруге кіріскенқұзырлы орындар қызыл кітапқа енген ағаштарды кескені үшін алдымен мердігеркомпанияларды жауапқа тартса, артынан жобаны дайындаған алматылық компанияға сот7 миллион 575 мың теңгеге айыппұл салған еді. Одан кейін қаланың экс-әкіміІлияс Испанов мырза Ақтөбені көгалдандырамын деп 90 миллион теңгеге1 миллион түп көшет отырғызып, оны да қуратын алғанболатын. Енді осындай әрекеттерге жолбермейміз деген жаңа билік ағаштарға санақ жүргізбекші екен.
«Қазіргітаңда ешқандай есеп жүргізілмеген. Мәселен бір талды кесіп тастады деп айтады қоғамдықбелсенділер. Енді оларды жауапкершілікке тарту үшін ешқандай негіз жоқ. Өйткеніесепте жоқ ол талдар. Ертең мына базаға енгізгеннен кейін осындай келеңсізжағдайлардың алдын аламыз», — дейдіАқтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Қамбар МҰҚАШЕВ.
Табиғат жанашырлары өзен арналарын тазарту кезіндеүш мыңға жуық қызыл кітапқа енгенағаштардың заңсыз кесілгенін айтады. Одан қалса қурап қалған миллион түп көшетпен жүздеген шырша осының бәріжауаптылардың жауапсыздығанан дейді.
Коллаж: Жас АЛАШ