Мекенжай анықтамасы: алдағы сайлауды былыққа батырады
Қарашаның басында алынып тасталған мекенжай анықтамасы алдағы сайлаудыбылыққа батыруы мүмкін.
Құқық қорғаушы Роман РЕЙМЕР «ЖасАлаш»тілшісіне өз ойын білдірді. Оның ойынша, мекенжай анықтамасын алып тастау жұмысқа, мектептерге,балабақшаларға, емханаларға, банктерге орналасуда, жәрдемақы алуда тілім қағазжинаушы миллиондаған қазақстандықтарды ұзын-сонар кезектен құтқарған. Бірақ,мекенжай анықтамасын талап етуді доғару басқа бір топтың төбесін көккежеткізген. Ол – учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері екен. Өткен екі сайлауда (2016-2019 жылдары) «Еркіндік қанаты»ұйымының қатырында бақылаушы боп істеген Роман РЕЙМЕР енді мекенжай анықтамасыталап етілмейтін дауыс беру күнінде сайлау заңын бұзу өте оңай екенінайтады.
– Өткен сайлауды бақылау барысында біз заң бұзушылықтардыңбасым көпшілігі комиссия мүшелерінің мекенжай анықтамаларын манипуляциялауынан(мекенжай анықтамасы жалған немесе жоқ азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу)болатынын анықтадық. Біздің бақылаушылар бұндай сайлаушыларды тексеріп, бірнешерет тізімнен алып тастауды талап етті. Қолданыстағы заң бойынша, сайлаушыөзінің тұрғылықты мекенжайын дәлелдеген жағдайда сол жерде дауыс бере алады.Оны 100 пайыз мекенжай анықтамасы арқылы дәлелдейді. Сол себепті мекенжайанықтамасын алып тастау арқылы біз бақылаушылардың қандағалауына мүмкіндікбермейтін, сайлаушылар тізіміне шектеусіз адам тіркеуге мүмкіндік беретінжағдайларға соқтығысамыз, – дейді Роман РЕЙМЕР.
Құқық қорғаушыалда өтер сайлаулардың лигитимділігі күмәнді боп тұрмас үшін Орталық сайлаукомиссиясы және азаматтық белсенділер бұл апаттың алдын алуға қазірденараласулары керек дейді. Заң талабы бойынша, келесі жылы еліміздепарламент және мәслихат сайлауы өтуітиіс.
Осыдан бір айбұрын ІІМ таратқан мәлімет бойынша, бұрын жылына 10 миллион адам халыққа қызметкөрсету орталықтарынан мекенжай анықтамасын алып келген. Себебі жұмысқатұрғанда, банк, аурухана немесе мектепке барған дәл осы құжатты сұрайтын тәртіпбар еді. Бір қағаз үшін ХҚК орталықтарындатұратын ұзын-сонар кезекті, құжат жинауда уақыт үнемдеу үшін құзырлы орындармекенжайы анықтамасын талап етуді тоқтатып, азаматтардың тіркеу мәліметтерін электронды форматқа көшіретіндерін хабарлаған болатын.
Фотоларды автор ұсынды.