Live

Меккеге қажылыққа бармақ болған 20-ға жуық адам алаяқтықтың құрбаны болды

Қазақстанда Меккеге қажылыққа бармақ болған 20-ға жуық адам алаяқтың құрбанына айналды.

қажылық

Астана қаласының прокуратурасы мәліметінше, елордада азаматтардың діни сезімін пайдаланып, алаяқтық жасаған ер адам сотталған.

«Ол өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырып, жалған әуе билеттері мен қонақүй қызметтері үшін азаматтардан 7,4 миллион теңгеден астам қаражатты алдап алған. Алаяқтың құрбаны еліміздің әр өңірінен келген 17 адам болды. Олардың қатарында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар», – делінген прокуратура хабарламасында.

Айыпталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

Сот үкімімен ол 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, пробациялық бақылау белгіленді.

Тегтер: Қажылық
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз