Қоғам

Мексиканың оңтүстігінде 7,3 балдық жер сілкінісі болды

Мексиканың Чьяпас штатында магнитудасы 7,3 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі

Жерасты дүмпулері көршілес Гватемала мен Сальвадор аумағында да сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, кейбір инфрақұрылым нысандарына жеңіл зақым келгені хабарланды.

Зілзаланың салдарын бағалау үшін өңірге Қызыл Крест қызметкерлері жіберілді. Мамандар мен еріктілер елді мекендерді аралап, тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп жатыр.

Жер сілкінісінен кейін Мексика билігі бірнеше сағатқа цунами қаупі туралы ескерту жариялап, тұрғындарға жағалауға жақындамауға кеңес берген. Кейін қауіп сейілген соң шектеулер алынып тасталды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз