Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 30 Қыркүйек 2024

Мемлекет кәсіпкерлерді қолдауға 4 млрд теңге бөледі

к
Фото: ortkom

Биыл ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін 4 млрд теңге бөлінеді.

ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ішкі сауда субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін республикалық бюджеттен 2024 жылға 4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Осының негізінде 1 қазаннан бастап ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жоспарланып отыр.

«Мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі жолмен көрсетіледі: несие мөлшерлемесін субсидиялау және несиеге кепіл беру. Жалпы мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған. Олар: сауда базарларын жаңғырту, сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, үй жанынан дүкен салу және осы салада IT бағдарламалар жасау үшін», - деді спикер.