Меңдеш Жукиева. Уақытша қалалықтар
Кеңестің үйленгеніне бір жылдайболып қалды. Келіншегі Гүлжамал әке-шешесінің көңілін тауып, жақсы келін атаныпжүр.
Бауырлары да үйге келген жаңа адамға үрке қарамай, бауыр басып кетті.Кеңес кішкентайынан суретті жақсы салатын. Сол талантының арқасында оқуғатүсіп, кейін дипломмен ауылға оралды. Келе сала әке-шешсін көп күткізбей,Гүлжамалдай сұлуды алақанға қондырды. Мектепте сурет сабағынан беретін мұғалімболып жұмысқа тұрды. Бәрі жақсы, бәрі керемет. Бірақ, бір нәрсе жетіспейтұрғандай көңілі алаңдай береді.
Бірде ауылдағы құрдасыКенжебекті кездестіріп қалды. Кішкентай кездерінде бір сыныпта оқыған. КейінКенжебектер ауылдың басқа шетіне көшіп кетті де, мектеп ауыстырған. Кенжебекте Кеңестермен қатар үйленген. Көрші ауылдың қызы Айнұрды алған. Екеуі біразсөйлесіп қалды. Жұмысты, анау-мынауды сөз етіп тұрып, Кеңес:
– Бәрі жақсы, бірақ бірдеңежетіспейтіндей болып тұрады, сенде олай емеспе?- деп сұрады Кенжебек
– Мен білем, саған не жетіспейжүргенін. Сен керемет талантсың ғой. Саған мектепте жай мұғалім болып жүру аз.Сен біздің Пикассо емес пе едің?- деп күлді.
– Иә, досым, айтасың-ау, Пикассо болу қайда?
– «Болмасаң да ұқсап бақ» деушіме еді Мұқағали көкеміз.
– Қатырдың ғой. Абай де, — екеуі қарқылдасып күліп алды.
– Қалаға көшіп барып, жұмысіздесем… Бола ма, болмай ма, білмеймін. Әлі өз ойым ғана, үйдегілерге ештеңеайтпадым. Гүлжамал келісетін шығар. Әкемдер де жіберетін шығар деп ойлаймын.Бір жағынан қорқақтаймын да. Алматы үлкен қала. Өзіміздің Қазақстан болғанымен,бізге Нью-Иорктей көрінеді. Жоқ қылып, жұтып жібере ме деп те қорқам, — Кеңесағынан жарыла сөйледі.
– Қорықпа, Алматы сені емес,сен Алматыны бағындырасың. Керемет қала ғой, мен 2-3 рет болғанмын. Мен декөшіп барғым келеді, бірақ үйде мал бар, оны қарайтын адам жоқ. Кемпір-шалкеткесін, мал да азайды ғой, әрине, бұрынғыдай емес. Мүмкін мен де қалған малдысатып, қалаға көшемін кейін. Сен ертерек барып, көтеріліп ал, мен сені іздепбарамын, — деп Кенжебек қулана күліп қойды.
Ой толғандырды. Пісті. Жетілді.Шешім қабылданды. Әп-сәтте Кеңес пен Гүлжамал Алматылық болып шыға келді. Төлеби мен Саин көшелерінің қиылысындағы жатаханалардан бір бөлмелі пәтер жалғаалды. Үйлерінің тұрған жерлері жақсы. Қаланың қай бұрышына да бір көлікпенжетуге болады. Бірақ жатахананың атыжатахана, ауласы лас, мүңкіген қоқыс иісі, жаз бойы шыбын мен масаарылмайды. Терезелері тура қоқыс төгетінжерге қарап тұрғасын, терезеден далаға қарауды қойды. Кеңес бір баспаханағадизайнердің көмекшісі болып жұмысқа кірген. Айлығы орташа, бірақ жұмысыаз. Анда-санда тапсырыс түскенде ғана қапылыпжұмыс істеп қалады, әйтпесе бос отырысы көп. Баспахана кіщкентай болғасын,тапсырыстары да аз. Кеңес бар қажыр –қайратын салып, ауқымды, үлкен істертындырғысы келеді. Бірақ, мына баспахананың берері жеткіліксіз сияқты. Кеңестіңбойында тасып тұрған қуатты байқады –ау деймін, бірде бастығы оны әңгімегетартқан.
– Иә, Кеңес, сен жассың ғой,күшің тасып тұр. Талантың да күшіңе сай, өте дарынды баласың. Саған бұндайкішігірім баспалар емес, үлкен масштаб керек.
– Серік Айтжанұлы, иә, шынымдыайтсам, бос уақытым көп. Біздің баспаныүлкейтсек қайтеді? Баспаға қатысты барлық қызметті көрсетсек қой… Әрине,қосымша біраз ақша салу керек,- Кеңес өзінің ойымен бөлісті.
– Кеңес, сен менің ақылымдытыңда. Басқа ешқайда кетпей, осында істей тұр. Әзірге бар нәрсені үйрене бер. Мен саған құпия ретіндеайтайын, ешкімге айтпа. Менен осыбаспаны бір үлкен арт-студия сатып алмақшы. Өз бөлімдерін ашқылары келеді. Менкеше келісімімді бердім. Оларғақабілетті арт-дизаинер керек. Мен сені ұсындым. Сенің керемет суретші екеніңдібілем. Келер жылы кемпірім алпысқа толады. Маған әдемілеп кемпірімнің портретінсалып берсең болды, — деп күлді Серік ағай. Кеңес не айтарын білмей қалды. Әкесіндей болып кеткен жақсы адам. Кезіндетәжірбиесі жоғына қарамай жұмысқа алған. Бірдемені білмей қалса да, бір ретдауыс көтеріп көрген жоқ. 2 мың экземпляр қағазды басқа форматпен шығарып қойып, бүлдіріп алғанда да, жай ғана,«Келесіде дұрыстап қарап алып барып, кес»,- деген. Кеңес оның ұрыспағанына таңқалған. Ауылдағы мектеп директорларыағайлары бір ұрыссыз сөйлемейтін еді.Үнемі айғайлап, жекіріп сөйлейтін. Ұстаз деген аты болса да, мәдениеті төмендеудиректор ағай мен баспаханада өмір бойы істеген Серік Айтжанұлының мәдениетіжер мен көктей сияқты. Үнемі тап-тазақырынып, тіп-тік жүретін Серік ағайды 60- тан асқан деп тіпті де ойламайсың. Қаланың адамы сырт келбетінен-ақкөрініп тұрады ғой. Кеңес өзі құрмет тұтатын адамға қимай қарап қалды. Баспаныңжабылатыны өкінішті, әрине.
Кеңестің үлкен арт-студиядажетекші дизайнер болып жүргеніне де жарты жылдан асып кетті. Бұрынғы бастығыСерік Айтжанұлының қолдауымен Санкт-Петербургтегі жас суретшілер қоғамына мүшеболып, екі ай ол жақта білім жетілдіріп келді. Сурет салудың жаңаша бағыттарынүйренді.
Қазір Кеңес әбден өзгерді. Қаладажүрген бір жарым жылда бірталай шыңдалды. Бұрынғы бір нәрсе жетіспейтіндейалаңдаушылық сезім жоқ, қазір екі жеңін түріп алып, құдық қазып жатқандай.Борпылдақ топырақты күрекпен алып, лақтырған сайын, рахаттанатындай. Гүлжамалда Алматыға келгелі өзін –өзі тапты. Тігіншілікпен айналысып жүр. Сүлгі, жастықтыңқабы, терезе перделерін тігеді. Екеуі әлі қыз бен жігіттей. Кешке Кеңестіңжұмысына барып, сосын үйге бірге қайтады. Мейрам сайын ауылға барып,кемпір-шалды, үйдегі балдарды қуантып тұрады. Бұларға ауылға қайтыңдар демеседе, Гүлжамал ата-енесінің бұларды сағынып жүргенін, немере күтіп жүргенін іштейсезеді. Кеңес екеуі алдымен екі-үш жылжұмыс істейміз, содан кейін кішкентайлы боламыз деп келіскен болатын. Бірақ, Гүлжамал бөпелі болуды көптен аңсапжүр. Алматыға келерде әзірге баламызболмаса екен деп тілеген. Үлкен қалада баламен өмір сүру қиын болады депқорыққан. Қазір ойлап отырса, қорқатынештеңе жоқ секілді. Қаланың адамдары да өздері сияқты адамдар екен. Әрине, сөздері орысша, киімдері сәнді,түрлері суықтау. Бірақ, әр ортада өзіңді жақсы ұстай білсең, үйренуге дайынболсаң, қалалықтармен де досыңдай сырласып кетуге болады екен. Алматыға жаңаданкелген кезде жатақанадан пәтер жалдап тұрғанда, көршіге зар болмады, өйткені,жан- жағының бәрі өзіндей ауылдан келгендер. Бір-біріне үйлерінің кілтін,заттарын, балаларын тастап жүре беретін. Кейін қаланың орталық жағынан пәтержалдағанда, білді ғой көршінің қадірін. Ешкім ешкіммен сөйлеспейді, амандассаң,ернінің ұшымен ғана жауап береді. Бір –бірінің беттеріне қарамайды. Гүлжамал мен Кеңес екеуі күнде таңертең жұмысқа шығып бара жатқанда,қазағына қазақша, орысына орысша амандасып жүріп, әйтеуір үйретті. Қазір бәрі жымиып амандасып, қал-жағдайсұрасатын болды. Гүлжамал жұма сайын жеті шелпек пісіріп, шелпегін қазақтарға,бауырсағын орыстарға таратып, көршілердің бәрін баурап алды. Бір күні Кеңес аялдамада Кенжебектікездестіріп қалды. Автобус күтіп тұрған.Бір дәу қара джип өтіп барып, тоқтады да, терезесі ашылып:
– Әу, досым, мені күтіп тұрсыңба, — қарқылдап күледі.
– Мәссаған, бұл сен бе шынымен? — Кеңес досын танымай да қалды.
– Кел, отыр, баратын жеріңеапарайын. Кенжебектердің де көшіп келгеніне бір жылдай боп қалыпты. Бір фирманың бастығының шопыры екен. Бірақ,киген киімі, айтқан әңгімесі- сол фирманың бастығы өзі сияқты. Сөздері ірі,көкірегін көтеріп сөйлейді. Ақша көп. Келіншегі екеуі жақында ғана Бурабайға барып келіпті. Бұның айлығы соншамакөбі қалай десе, Кенжекең ауылдағы бар малын сатып, сол ақшаны оңды-солдышашып, буы бұрқырап жүр екен. Кеңес өзінше ақыл айтып еді, оны тыңдар түрі жоқ.
– Қалалықтар құсап киініп,қалалықтардың ісін істемесең, ауылбай екенің көрініп тұрады. Олардың қатарынакіре алмайсың, — деп қояды.
– Мен Алматыға қалалық блу үшінемес, білім-тәжірбие алу үшін, қаланыңмүмкіндігін пайдалану үшін келдім, — деген оған Кеңес.
Кеңес пен Гүлжамал қалада үшжыл жүріп, қайтадан ауылға көшіп келді. Себебі, Гүлжамалдың айы-күні жақынқалды. Енесі де келінінің өз қасында жеңілденгенін тіледі. Бұл шешімге Кеңес теқуана келісті. Өйткені ауылға келіпкеткен сайын, ауылдастарының көбінің жұмыссызжүргенін, ауылда балаларға қызықты ештеңе жоқтығы қынжылтып жүрді. Қаладаүйренген білімін, тәжірбиесін ауылына бергісі келетін.
Ауылда бұрын болып, қазіржабылып қалған клуб үйін, әкімдікке жүгіріп жүріп, өз күштерімен әйтеуір жөндеп, жасақтап жүріп, Шығармашылықүйін ашты. Ауылда жаңалыққа құмар,техника тілін білетін жастар көп екен. Лезде жұмыс жанданып жүріп кетті. Тойғашақыру билеттер, бала-бақша, мектеп бітірушілерге түрлі сертификаттар, баннербәрін басып шығарады. Жастарды Арт-дизайн ісіне үйрететін курстар да ашты. Оқушылардысурет өнеріне үйрететін үйірмелер, түрлі-түрлі ауылға қызықты, жаңашыл идеяларбір толастамады. Бір күні есігін Кенжебек қағады. Көкірегі басылған, киіміжұпыны. Көзін жыпылықтататын әдет пайда болыпты. Кеңес әңгіменің ұзақ болатынынсезді. Кенжебек соңғы жарты жылда казинодан шықпай құмар ауруына ұшырапты.Ақшасынан ұтылғаны былай тұрсын, қомақты қарызға кіріпті. Бірде ойсырап ұтылып,жынданып келе жатып, бастығының машинасын соғып, жұмыстан айырылып, оған қарызғакіріп, әбден қарабет болыпты. Келіншегі тастап кетем дегенде, бір туысқан ағасыараласып, бар қарыздарын төлеп беріп, өзін құмар ауруынан емдеп, ауылғақайтарыпты. Енді Кеңеске жұмыс сұрапкеліп отыр.
– Екеуміз де ауылда өстік,екеуміз де ауылда өмірімізді бастап, қалаға бағымызды сынауға бардық. Екеумізде азды-көпті қалада болып, ауылға қайттық. Екеуміздің ұқсастығымыз көп екен, — деп күлді Кеңес.
– Жоқ,бауырым. Бұл тек сырт көзге ұқсастық. Ал, шын мәнінде сен ауылда жүргендеқуатың бойыңа сыймай жүрдің. Талантың саған тыныштық бермеді. Сен қалаға өсуүшін, даму үшін бардың. Ал мен қызық қуып бардым. Ауыл тірлігінен, мал бағуданқашып, қалада қымбат киім, қымбат машинаны армандадым. Сен тапқан ақшаңа білімжинадың, мен әлі таппаған ақшамды құртып тастадым. Сен ауылға абыроймен оралдың. Мен болсам,жүнін жұлған тауықтай боп қайтып келдім. Қала адамды бұзбайды екен. Адам өзі қаланың жылтырағына елтіп, бұзыладыекен. Мен сәндікке, жылусыз жарыққа еліктедім. Ал, сен қаланың бар қызығынаемес, мүмкіндігіне ұмтылдың. Бар білгеніңді ауылға алып келдің. «Ештен кешжақсы», деп осының бәрін енді түсініп, сенің алдыңа келіп отырмын. Мені жұмысқаал. Сенен бәр нәрсені үйренуге тырысамын. Және сендей ауылдасым, досымболғанына мақтан тұтып, шүкіршілік айтамын.
Кеңесорнынан тұрып, Кенжебекке қос қолын ұсынды.