Әлеумет

Міндетті медициналық сақтандыру: оның тиімділігі неде?

Міндетті әлеуметтік-медициналық-сақтандыру жүйесінің жүзеге асырыла бастағанына биыл төртінші жыл.

Міндетті медициналық сақтандыру: оның тиімділігі неде?
Ал Ақтөбеде жаңашылдықты бұқара халыққа кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстарын 2016 жылдан қолға алынды. Ол жұмыстардың барлығы «Жол картасы» бағдарламасын негізге ала отырып жүргізілді.Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тапсырмасымен міндетті әлеуметтік-медициналық-сақтандыру жүйесін енгізуге жауапты аймақтық штаб құрылып, оның құрамына тек денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ғана емес, сонымен қатар ішкі саясат басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдер, кәіпкерлер палатасынан мүшелер қабылданды. Спикерлер  тек облыс орталығымен шектеліп қалмай, шалғайдағы ауылдарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тек 2016 жылдың өзінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мыңдаған адамды қамтыды. Олардың арасында ірі кәсіпорындағы жұмысшылар, орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, мұғалімлер, кәсіпорын қызметкерлері бар. — Жалпы,  міндетті әлеуметтік-медициналық-сақтандыру жүйесін түсіндіруді сатылап жүргізіп келеміз. 2016 жылы түсіндіру жұмыстарының 1-2 сатысы өтсе, 2017 жылы ақпараттық жұмыстардың 3-кезеңін қолға алдық. Ал өткен жылы сол атқарылған жұмыстардың барлығын қорытындылағанымызда Ал өткен жылы сол атқарылған жұмыстардың барлығын қорытындылағанымызда 3755 кездесу кезінде облыстың 603 205 адамын қамтыған екенбіз. Атқарылып жатқан жұмыстың қаншалықты нәтиже бергенін білу үшін «Ақтөбе облысының дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығы» бірлестігі екі мәрте сауалнама жүргізген болатын, бұл бір жағынан тәуелсіз сарапашылардың атқарған жұмысы. 2018 жылы сәуір айында өткізілген сауалнамаға 2 мың респондент қатысып, көрсеткіш халықтың 48,9% -ы осы жүйе туралы хабары бар екенін көрсетсе, қазан айында 4 мың адам сауалға жауап беріп, көрсеткіш 67,3%-ды құрады. Демек, осы көрсеткіштерге қарап, халықтың ақпараттану деңгені, жаңа жүйе туралы қаншалықты құлағдар болып жатқанын аңғару қиын емес. Мұнымен тоқтап қалмай, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз,- дейді қауымастық төрайымы Роза ІЗТІЛЕУОВА.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз