Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:34, 28 Мамыр 2024

Министр Есқараев заңды қазақ тілінде жазу үшін де заң керек дейді

а
Фото: из открытых источников

2024 жылдың 27 мамырында ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының отырысында «Мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Әділет министрі өз баяндамасында норма шығару қызметінде қазақ тілін одан әрі дамыту мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орыс тіліне аударуды қамтамасыз ете отырып, оларды қазақ тілінде әзірлеу міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау міндеті көзделгенін атап өтті, делінген хабарламада.

Сонымен қатар министр тіл мәселесіне байланысты екі бағытқа тоқталып өткен.

Бірінші бағыт – терминология мәселесін шешу. Заңнамалық актілердің мәтініне қойылатын талаптардың бірі – бұл терминдердің бірізділігі. Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен терминдер ұсынымдық сипатқа ие. Сондықтан, іс жүзінде, Комиссия мақұлдағаннан кейін де, заңгерлер мен филологтар арасында бір терминді әртүрлі етіп аудару төңірегінде пікірталастар жиі туындайды. Сондықтан да қазақша терминологиялық сөздіктерге ресми мәртебе беру және оларды норма шығару процесінде қолданудың міндеттілігін енгізу қажеттігіне тоқталғаны айтылады.

Ал екінші бағыт – тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау. Бүгінгі таңда заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша мамандардан заңгерлерден және ғалымдардан құралған пул тізімі қалыптастырылғаны және болашақта сол мамандарды заң жобаларын әзірлеу процесіне тарту қажеттігін айтқан.

Фото: egemen.kz

 

Тегтер: