Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:29, 07 Ақпан 2024

"Министрдің жұмысына нақты баға береміз. Талап қатаң болады" - Президент

үкімет
Фото:

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер, әсіресе, аймақтарда жиі болып тұратынын айтты. 

Оның сөзінше, әкімдер инвестиция тартудың орнына, бюджет қаражатына сеніп отырады.

«Ал, аймақтарға барып, жұмыс істегісі келетін инвестор көптеген тосқауылға тап болады. Жергілікті билік көп жағдайда ешқандай әрекет жасамайды не болмаса инвесторды әуре-сарсаңға салады. Соның кесірінен кәсіпкер жобасын кейінге шегереді немесе біржола тоқтатуға мәжбүр болады. 

Біз жарты жылдың нәтижесі бойынша Инвестициялық штабтың жұмысын қорытындылаймыз. Әрбір министр мен әкімнің осы бағытта атқарған жұмысына нақты баға береміз. Талап қатаң болады», – дейді Тоқаев.