Сараптама

Министрлік кімдерге 5500 теңгеден көмек тағайындады?

Бір миллионнанастам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 2 АЕК(5556 теңге) мөлшерінде ақша аударылады, деп хабарлайды Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік кімдерге 5500 теңгеден көмек тағайындады?

«Осы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейінқазақстандықтардың банк картасына төлем жіберіледі», — делінгенведомствоның ресмисайтында.

Азық-түлікке төленетін ақшаны 5әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады. Жергілікті атқарушы органдар қолдабар деректер негізінде тізім жасайды. Содан кейін шілде айына төлем алушыларға2 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 5556 теңге мөлшерінде қаражат жіберіледі.

5 әлеуметтік топ:

· атаулы әлеуметтік көмек алушыларқатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

·  медициналық-әлеуметтік мекемелердетұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

· медициналық-әлеуметтік мекемелердетұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағымүгедектер;

·  мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;

·  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегіжергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, биылнаурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлем 1 миллион адамға беріліп, жалпысомасы 13,5 миллиард теңгені құрады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз