«Митингіге шығу үшін әкімдіктен рұқсат сұрамаймын»
Қамаудағы белгілі диссидент-ақынАрон АТАБЕКТІҢ қызы Айдана АЙДАРХАНДЫ полиция түсініктеме алып қана жіберген.
Қазақстанда тыйым салынған оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢ ДВК ұйымынада қатысты сұрақ қойыпты.
«Қазір жағдайым жақсы. Бәрі халықтың қолдауыныңарқасында. Менің акциям туралы, жалпы әкем жайлы көптеген жағымды пікірлерестіп жатырмын. Бұл маған үміт сыйлады. ІІБ-де қысым көрсетілген жоқ. Полицияқызметкерлерін де дөрекілік көрсетті деп айыптай алмаймын. Маған бірнеше сұраққойылды. «Митингіге өз қалауыңмен шықтың ба?», «Кіммен тұрасың?» деген сияқты. Менівидеоға кімнің түсіргені де оларды қызықтырды. Акцияға блогерлер келді ме депбірнеше рет сұрады. Мен білмейтінімді айттым. Өйткені, расымен де меніңдостарымның арасында танымал блогерлер жоқ еді. Полицейлердің барлығы «Шаңырақ оқиғасын»,менің әкемді жақсы біліп, танып тұр. Тіпті, арасында осы оқиғаны көзіменкөргендер де болды. Маған сол уақытта тәжірбиеден өтіп жатқанын айтыпберді. Жалпы, полиция қызметкерлері өтесыпайы сөйлесті. Түсініктеме жаздырды. Онда ДВК-ның мүшесі емес екенімді, жәнеқолдамайтынымды көрсетуім қажет болды. Және бұдан былай митингі, пикетөткізетін болсам әкімдіктен рұқсат алу керектігімді айтты. Айтулары бойынша,әкімдік міндетті түрде рұқсат береді екен(күлді). Түсініктеме жаздырғаннанкейін кетуіме рұқсат берді. Дегенмен, менің қарсылығыма қарамастан олар меніүйіме дейін апарып тастаймыз деп біраз тұрып алды. Ақыры өзімді жіберді ғой. Бірақ, мені есіктің аузында күтіп тұрғандостарыма түсініксіз қылықтар көрсеткен. Менің шығуыма 5 минут қалғанда,жарықты сөндіріп тастап, есікке «басқа есіктен кіресіз!» деген белгіжапсырып қойыпты. Мен бұдан кейін әкімдіктен рұқсат сұрап митингіге немесепикетке шығамын деп ойламаймын. Себебі, өркениетті елдердің қай-қайсысынқарасаңыз мұндай дүние жоқ», — деді Айдана Айдархан «ЖасАЛАШ»тілшісіне.
14 шілде күніАйдана Айдархан Абай ескерткішінің жанында жалғыз кісілік поэтикалық қарсылықакциясын өткізген. Әкесінің суреті салынған плакатпен алып шыққан Айданақамаудағы ақынның өлеңін оқыды. Полиция 20 минуттан кейін келіп алып кеткен-ді.
Оқи отырыңыздар: Билікпенешқандай да келіссөз болуы мүмкін емес
Диссидент-ақын, қоғам қайраткері Арон Атабек 2006 жылыболған «Шаңырақ оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, қасақанакісі өлтірді деген ауыр баптармен 18 жылға сотталған еді.
Ақын 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан.Махамбет өлеңдерін орыс тіліне аударған. 2010 жылы «Назарбаевщина и революция»мақаласы үшін «Тұтқындағы шығармашылық иесі» номинациясы бойынша Freedom toCreate халықаралық сыйлығына ие болды. Халықаралық ұйымдар Арон Атабекті саяситұтқын деп есептейді.
Фото: twitter.com