15:39, 24 Сәуір 2024
Мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген топ ұсталды
Маңғыстау облысында мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлегендер ұсталды.
Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды, делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Фото: pixabay