Мұхамедиұлынан 3,5 млрд теңгеден асатын үш мемлекеттік объекті тәркіленеді
Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға 3,5 млрд теңгеден асатын үш мемлекеттік объекті сатылған.
Бас прокуратура мәліметінше, қазір аталған үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр.
2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланды. Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтыққұны 1,213 млрд теңгені құрады, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді. Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды. Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде, делінген прокуратура мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамдиұлы өкілеттілігін теріс пайдаланғаны және аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.