Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:18, 12 Қаңтар 2024

Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталушылар тізіміне енді

сотталушы
Фото: из открытых источников

Астана қалалық сотында экс-мәдениет министрі Мұхамедиұлының әйелі мен адвокатына қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті, деп жазды Zhasalash.kz.

Барлығымызға белгілі 2023 жылы экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды. Ал министрдің әйелі екі аптадан кейін пара беруге оқталғаны анықталған еді. Ал оларды қорғаушы адвокат Мұстақым Төлеев пара беруге итермелеу фактісі бойынша күдікке ілінген болатын.

Адвокат жазаны жеңілдету мен қамаудан босату үшін сот органдарындағы лауазымды тұлғаларға беру мақсатында пара ретінде 460 мың доллар алған. Бұл қылмыстық іс бойынша 2024 жылдың қаңтар айында адвокат пен министрдің әйелі сотқа тартылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) – 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша күдікке ілінген. Ал оның әйелі Ғалия Ысқақова болса, 368-баптың 1-бөлігі (парақорлыққа делдал болу), Мұстақым Төлеев 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа тартылған. 

Сот отырысында адвокат қылмыстық-процестік кодекстің талаптары бұзылғанын алға тартып, істі прокуратураға қайтаруды сұрады.

Істі қарап жатқан судья Тасымбетов сотталушылар мен олардың адвокаттарының өтінішхатын қанағаттандырмады.