Оқиғалар

Мұхаммед Айкенов: Төтенше жағдай қызметкері тоқтаусыз жұмыс істейді

Қай кезде де Төтенше жағдай назардан тыс қалмауы тиіс салалардың бірі. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының көтергіш құрылғылар мен өсімдік шикізатын қайта өңдеу объектілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Мұхаммед Айкенов. Әңгімеміз Мұхаммедтің осы салаға қалай келгенінен басталды.

ТЖМ

«Мен бұл жұмысқа университетті бітіргеннен кейін бірден орналастым және Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында жұмыс істей жүріп, көптеген практикалық тәжірибе жинадым. Әрине, мен мол кәсіби тәжірибесі бар қызметкерлердің арқасында дамуды жалғастырамын. Олар әрқашан өз білімдерімен бөлісуге және қиын жағдайларда көмектесуге дайын. Осы өзара қарым-қатынас арқасында жас мамандар қажетті дағдылар мен тәжірибені тез меңгереді», – деді Мұхаммед.

– Жұмыстағы ең есте қаларлық сәттеріңіз қандай болды?

– Мен үшін ең маңызды сәттердің бірі шахтаға алғаш түсуім және мұнара кранына алғаш көтерілуім. Бұл мүлдем жаңа тәжірибелер болды. Мұндай сәттер әрине есте қалады.

– Қай тексеру есіңізде қалды?

– Қаламыздағы ең ірі өнеркәсіптік зауыттардағы тексеру. Жұмыс көлемі өте үлкен болды, ал тексеруге қатысу маған баға жетпес практикалық тәжірибе берді. Бұл маған мамандықтың ерекшеліктерін жақсы түсінуге және білімімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік тудырды. Үнемі жетілдіріп, жаңа нәрселерді үйрену мүмкіндігі біздің жұмысымыздың үлкен артықшылығы деп санаймын және мұның бәрі азаматтар мен нысандардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Бұл мамандық сізді үнемі қызықтырады. Сіз жиі жаңа нәрсе үйренесіз. Бірқалыпты жұмыс процесі жоқ: күн сайын жаңа қиындықтар, жаңа жобалар және жаңа жаңалықтар пайда болады. Бұл үнемі адамдармен араласып, әртүрлі учаскелерде жұмыс істеуге және айтарлықтай практикалық тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының сізге ұнайтын тұсы қандай?

– Жұмыстың бірсарынды еместігі ұнайды. Күн сайын жаңа нысан, жаңа жағдай, жаңа міндет кездеседі. Бір күні шахтада болсаң, келесі күні өндірістік кәсіпорында немесе көтергіш құрылғылар орналасқан нысанда жұмыс істеуің мүмкін. Үнемі адамдармен араласасың, әртүрлі мамандармен жұмыс істейсің, жаңа технологиялар мен өндірістік процестерді үйренесің. Сондықтан бұл салада тоқтаусыз жұмыс істейсің. Әр тексеру өзің үшін де жаңа тәжірибе. Ең бастысы, атқарып жүрген жұмысымыздың артында адам өмірі мен нысандардың қауіпсіздігі тұр. Сондықтан біздің міндетімізге үлкен жауапкершілікпен қарау қажет.

Жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Ең бастысы, үйренуден қорықпау керек. Бұл салада университетте алған біліммен ғана шектелу жеткіліксіз. Тәжірибелі мамандардың кеңесін тыңдап, әр жағдайдан сабақ алып, өзіңді үнемі дамыту маңызды. Меніңше, мамандықтың қыр-сырын түсінудің ең жақсы жолы – жұмыс процесінің өзіне араласу. Сонда ғана өз ісіңнің қаншалықты маңызды екенін сезінесің.

Жалпы, сала маманының ойынша, әрбір жұмыс процесінің өзіне араласып, жік-жітігін үйренуге талпынған абзал. Қауіптің алдын алатын маман қауіпсіздік инспекторы іспетті қырағы жұмыс істеуі керек. Кез келген төтенше жағдай барысында осыны ұмытпаған жөн.

Ал құтқару қызметінің маманы Жантас Сайлаубайұлының сөзіне сүйенсек, төтенше жағдайдың кезінде ең бірінші адами фактор маңызды. Шапшаң қимылдау, техниканың тілін білу, барлық жағынан бесаспап болу төтенше жағдайдан аман шығуға кепілдік бола алады. Маманның пікірінше, осы салаға келіп түскен жас мамандарда тәжірибе жетіспей жатады. Сондықтан олардың біліктілігін арттыру да маңызды болмақ.

– Сіздің ойыңызша, саладағы жастарға не жетіспейді?

– Қазіргі уақытта жастардың біліктілік деңгейін арттыру өте маңызды. Екі аптаға оқу-жаттығу жұмыстарына жіберу, біліктілікті арттыру, техниканың құрылымын түсіндіру өте қажет. Бізге келетін жас мамандарда осы жағы жетіспейді.

– Техникалық құрылым жағынан біз бәсекеге бәс тіге аламыз ба?

– Әрине, техникалық базамыз жаңарып жатыр. Бұл жағынан құзыретті органдар тарапынан барлығы бөлініп, көңіл аударылған. Сондықтан бәсекеге түсе аламыз деп ойлаймын.

– Көршілес елдердің құтқару қызметімен біздің осы саланы салыстырып көрдіңіздер ме?

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында кәдімгі өрт-құтқару бөлімдерінен бөлек республикалық жеке құтқару жасағы, таулы-құтқару қызметі, суға сүңгу қызметі, құтқарушыларды даярлау орталығы, авиациялық кәсіпорын және апаттар медицинасы қызметібар.Қырғызстанның таулы аймақтары көп болғандықтан, құтқарушылардың тау, су, қар көшкіні сияқты табиғи қауіптерге мамандануымаңызды.Мысалы, Қырғызстандағы республикалық жеке құтқару жасағы ТЖ саласындағы негізгі жедел-тактикалық құрылымдардың бірі саналады. Ол төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, құтқарушыларды даярлау және басқа күштермен үйлестіру жұмыстарын да атқарады. Ал112 бірыңғай диспетчерлік қызметі де жұмыс істейді. Қырғызстан ТЖМ 2026 жылы азаматтарға төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласуды тағы да еске салған. Ресейдің ерекшелігі – 112 бірыңғай шұғыл қызмет жүйесі. Азамат 112 нөміріне хабарласқанда, жағдайға қарай өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция, жедел жәрдем, газ қызметі сияқты бірнеше құрылым жұмылдырылады.

Қазақстанда негізгі үйлестіруші орган, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі. Министрлік құрамында өртке қарсы қызмет, азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ТЖ алдын алу бағыттары бар. Бірыңғай жедел нөмір – 112, ал 101 – өрт сөндіру және құтқару қызметінің нөмірі. Ең қызығы, құтқарушы тек өрт сөндіруші емес. Жүйеде жедел-құтқару жасақтары, су-құтқару бөлімшелері, авиациялық-құтқару қызметі, апаттар медицинасы және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері бар.Мысалы, ТЖМ-ге қарасты 20 ведомстволық жедел-құтқару жасағы жұмыс істейді. Олардың ішінде Алматыдағы республикалық жедел-құтқару жасағы да бар. 2026 жылы Балқашта AIR-112 авиациялық-құтқару жасағыіскеқосылды. Тікұшақ тәулік бойы адамдарды іздеу-құтқару, санитариялық авиация, әуе мониторингі және төтенше жағдайларға ден қою міндеттерін атқарады. Бұл Қазақстанның авиациялық-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту жұмысының бір бөлігі.

Тағы бір қызық жоба: «Ауыл құтқарушылары». 2026 жылдың шілдесіндегі дерек бойынша, Қазақстанда 215-ші ерікті өртке қарсы құралым ашылған. Мұндай бекеттер мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері алыс орналасқан елді мекендер үшін маңызды. Мысалы, Ақмола облысындағы Костычево ауылындағы бекет ең жақын мемлекеттік бөлімнен 57 шақырым қашықта орналасқан. Сондықтан ауылдағы ерікті өрт сөндірушілер жүйесі жай ғана қосымша құрылым емес, алғашқы минуттағы қауіпсіздік буыны ретінде қарастырылып отыр.

Қ.САЙЛАУОВА

Тегтер: ТЖМ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз