Қоғам

Мұқасан Шахзадаевтың көмекшісі «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісіне күш көрсеткені үшін жауапқа тартылды

Алматы қаласында әнші Мұқасан Шахзадаев пен «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің арасындағы жанжалға қатысты сот шешімі шықты.

Ғалымжан Сүлеймен

Соттың қаулысымен Ғалымжан Сүлейменге күш қолданып, дене жарақатын салғаны үшін Мұқасан Шахзадаевтың жеке көмекшісі Азамат Есеркеновке 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, бұл оқиға туралы ақпарат алғаш рет 2025 жылдың қараша айында тараған. Сол жылдың 22 қарашасында «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен полицияға арызданып, келіспеушіліктен кейін бірнеше адамның өзіне күш көрсеткенін мәлімдеген.

Іс қоғамда кеңінен талқыланып, танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтың да жауапкершілікке тартылуы мүмкін деген болжамдар айтылған болатын. Алайда тергеу барысында оның жанжалға тікелей қатысы жоқ екені анықталып, ол іс бойынша тек куәгер ретінде танылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз